16 Шілде 2026, Бейсенбі 2 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:14
Бесін 12:25
Екінті 17:54
Шам 20:27
Құптан 22:21

Жүрегі жаралы әрбір әйелге насихат

Жүрегі жаралы әрбір әйелге насихат

Егер тұрмыс құру кешігіп жатса, Хадиша анамызды (р.а.) есіңе ал. Ол сабыр етті. Ақырында әлемдегі ең ұлы адамға, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) жар болды.


Егер мүлдем тұрмысқа шықпасаң, Мәриям анамызды (р.а.) ойла. Алла оны бұл дүниеде де, ақыретте де жоғары дәрежеге көтерді.

Егер бала сүйе алмай, жұрттың сөзінен қиналсаң, Зәкәрия пайғамбардың (а.с.) әйелін есіңе түсір. Алла оларға қартайған шағында перзент берді.

Егер күйеуің күнәһар болса, Перғауынның әйелі Әсияны ойла. Ол сабыр етіп, жәннат ханымдарының бірі болды. Егер ажырасып кетсең, Алланың мына сөзін есіңде сақта:

«…Ал егер ерлі-зайыптылар (жарасып өмір сүруге қанша тырысып-баққанымен еш нәтиже шығара алмай ақыры) ажырасатын болса, онда (екі жақ та жалғыз қалып, таршылық көреміз деп уайым жемесін). Алла олардың екеуін де кеңшілігіне бөлеп жарылқайды, бір-біріне кіріптар етпейді. Алла – Уасиғ (өте кең), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі)!» («Ниса» сүресі, 130-аят).

материал «Сен керексің» кітабынан алынды,   

ummet.kz