08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

«Жұмаққа жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтындар кіреді...» (хадис)

«Жұмаққа жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтындар кіреді...» (хадис)

«Жұмаққа жүрегі құстың жүрегіне ұқсайтын адамдар кіреді», – деп айтты», – деген (Муслим).


Хадистің түсіндірмесі:

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл хадисте ерекше сипатпен сипатталған кейбір мұсылмандардың жиынтығына, Алла Тағала сый-құрмет жасап жәннатқа кіргізетіндігі жайлы хабар берген.Ол ерекшелік: жүректері құстың жүрегіндей болғандар.Бұл олардың жүректерінің кейбір сипаттары құстардың жүрегіне ұқсас деген сөз.Ғалымдарымыз айтқандай олардың кейбір сипаттары төмендегідей:

Үрей мен қорқу жағынан жүректері құстарға ұқсайды. Жануарлардың ішінде ең үрейленгіш әрі қорқақ құстар екенін барлығымызға белгілі әрі оны көріпте жүрміз.Егер бір дыбыс естісе немесе көлеңке көрсе немесе бір әрекетті байқап қалса қорыққанынан денелерімен қосып жүректері де ұшып кетеді. Сол секілді кейбір мұсылмандардың жүректері де осындай. Алла Тағаладан қатты қорқады. Жүректері Алладан үрейге және Оның билігі мен құдыретінен қорқынышқа толы.Алладан қорыққандығы үшін қуаныш пен қайғыда Аллаға итағат етуге асығады. Алланың ашуынан және Оған қарсы тұрудан үрейленеді.Егер Алланың жаратылыстары мен мүлкіне назар аударса жүректерінде үрейді сезеді. Алланың Ұлылығына бас иеді. Егер азап аяттары мен қияметтегі болатын нәрселерді уәде ететін аяттарды естігенде денелерін үрей мен қорқыныш билейді. Олар азаптан сақтану үшін мейірім тілеп жалбарынады. Егер Алла туралы бір нәрсе айтылса жүректері тітіркеніп кетеді. Алла Тағала олардың сөзімен жағдайларын баяндап былай дейді: «Шүбәсіз, Біз адамның түрін қашырып, қабағына кірбің түсіретін алапатты күн туғанда, Раббымыздың жазасына ұшыраудан қорқамыз», – дейді. (әл-Инсан: 10)

Бұл кісілердің қорқыныш сипаты өзге мүміндердің қорқынышы секілді емес. Мүмін адам Раббысынан қорықпаса мүмін атанбайды. Әйтсе де бұл топ өзгеше.Мысалы біреу қандай да бір сипатпен ерекшеленіп,сол сипатты ары қарай дамытып қуаттаса, осы сипатын өзге сипаттардан ажыратып,сол адамға нышан қылып қояды. Міне,сол секілді бұл кісілердің қорқынышы басқа хәлдерінен басымырақ. Олар ақыреттегі есеп-қисап пен азапты өз көздерімен көріп тұрғандай жүреді. Олар үшін ақырет басқа адамдардағы сияқты ғайып емес,сезілетін және көрінетін нәрсеге айналған. Өмірлерінің әр бір сәті есептелген. Алла Тағаладан және Оның Құдыретінің жер бетіндегі белгілерінен бір сәтте ұзақ қалмайды. Пайғамбарымыз
ардақты сахабалары (Алла олардан разы болсын) және (с.ғ.с) оның, (с.ғ.с) олардың салған тура жолымен жүрген алдыңғы буындар осындай еді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла Тағаланың құдыретінің белгілерінен бір нәрсені;мысалы аспанда төніп келе жатқан бұлттарды көргенде Алланың азабы шығар деп ойлап қатты қорқып кететін.Егер жаңбыр жауса ішіндегі бар қорқыншы сейілетін еді.Алла Тағала алдыңғы үмметтерге қатысты былай дейді: «Ақырында, олар (өздері тілеген) азаптың көкжиекті қаптаған
бұлт кейпінде өздері жайлаған алқапқа қарай бет алып келе жатқанын көргенде: «Бұл – бізге жауын әкелетін бұлт», – десті. Сонда Һуд: «Жо-жоқ, ол – өздерің тезірек келсе екен деп, асыға күткен алапат азап. Ол сондай сұрапыл дауыл – ішінде жан төзгісіз азап  бар». (әл-Ахқаф: 24).

материал «Жүрек қалыбы» кітабынан алынды, 

ummet.kz