08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Намаз оқып жатқанда басқа нәрселерді ойлау мәселесі

Намаз оқып жатқанда басқа нәрселерді ойлау мәселесі

Ғұқба ибн Хафса (р.а.) риуаят етті:


«Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге аср намазын оқыдым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәлем берді де, орнынан тезірек тұрып, әйелдерінің бөлмесіне кіріп кетті. Біраздан соң шығып, жамағаттардың таңқалысқан кейіптерін жүздерінен байқап: «Намаз оқып жатқанымда үйімізде ділдә (алтын ақша) барлығы есіме түсіп кетті. Мен оның түні бойы үйде тұрып қалуын қаламай, адамдарға үлестіріп берулерін бұйырдым», – деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Намазға азан айтылса, шайтан азанның дауысы естілмейтін жерге дейін артынан жел шығарып қашады. Азаншы тоқтаса, қайтадан келіп, намаз оқушыға «Ананы ойла, мынаны ойла», – деп, оны неше рәкат оқығанын ұмыттырып есінен шығарғанша шатастырады», – деді.

Әбу Сәлама ибн Абдуррахман: «Қайсы біреулерің намазда сол жағдайға душар болса, ташаһудқа (ат-тахийатқа) отырғаннан кейін тағы да екі рет сәжде қылсын!», – деді. Бұл сөзді ол кісі Әбу Хурайрадан естіді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Адамдар: «Әбу Хурайра Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы өте көп хадис риуаят етеді!», – деседі. Мен бір кісіні жолықтырып, оған: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кеше түнде қайсы сүрені оқыды?!», – деп сұрадым. Ол: «Білмеймін», – деді. Сонда мен оған: «Онда, намазда болмапсың да?!», – дедім. Әлгі кісі: «Неге қатынастым», – деді. Сонда мен: «Пәлен және пәлен сүрелерді оқығанын мен білемін ғой!», – дедім. (Демек, Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеттерін еске сақтап қалу үшін барша ынта зейінімен құлақ салған).»

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz