07 Қазан 2026, Сәрсенбі 26 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:19
Бесін 12:07
Екінті 15:51
Шам 17:44
Құптан 19:10

Нәпіл намаздарды екі-екі рәкаттан оқу мәселесі

Нәпіл намаздарды екі-екі рәкаттан оқу мәселесі

Ғаммар, Әбу Зарр, Әнас, Жәбир ибн Зәйд, Икрима және Зуһрий (Алла оларға разы болсын!) да нәпіл намаздардың екі-екі ракаттан оқылатынын ескертіп өткен.


Яхя ибн Сағид (р.а.): «Күндіз оқылатын нәпіл намаздың әр екі ракатынан кейін сәлем бермеген бірде бір (фиқшы) ғұламаны білмеймін», - деді.

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге Құран кәрімнің сүрелерін үйреткендей әр бір істе истихара (Алладан тілек тілеу) айтуды үйретер еді. Бір күні Расулулла: “Егерде бірер іске бел бусаңдар, алдымен екі ракат намаз оқыңдар, содан кейін мына дұғаны айтыңдар”, - деді: “Аллаһумма астахийрука биғилмика уа астақдирука би-қудратика уа ас-алука мин фадлик-ал-ғазийм, фа-иннака тақдиру уа ла ақдиру уа тағламу уа ла ағламу уа әнта ғаллам-л-ғуйуб, Аллаһумма ин кунта тағламу әнна хаза-л-амр хайрун лий фий дийний уа мағаший уа ақибати амрий (ау қала ажили амрий) уа ажилиһи фа-қдирһу лийуа иассирһу лий, сумма барик лий фийхи уа ин кунта тағламу һаза-л-амр шаррун лий фий диниий уа мағаший уа ақибати амрий (ау қала фий ажили амрий) уа ажилиһи фа-срифһу анни уа-срифни ғанһу уақдир лийи-л-хайр хайсу кана, сумма арзиний бихи”.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Аталмыш дұғаны айтып болған соң Алла тағаладан өз тілегіңізді тілейсіз”, - деді.

Мағынасы: «Илаһи, мені іліміңнен игілік бергейсің! Құдретіңмен мені қуатты қылғайсың! Шексіз кеңшілігіңмен мені қуанышты қылғайсың! Илаһи, мені бел байлаған істеріме, дініме, өміріме және де кәсібіме жақсылық келтіреді ме жоқ па, оны өзің білушісің. Егер жақсылық келтіретін болса, оны маған нәсіп етіп, жеңілдік қылып берекелі ете гөр! Илаһи, мен бел байлаған ісіме, дініме өміріме, кәсібіме жамандық келтіреді ме жоқ па оны өзің білушісің. Егерде жамандық келтіретін болса, оны менен, мені одан алыстата гөр! Маған жақсылық келтіретін істерді лайық көріп, разы қыла гөр!».

Әбу Қатада (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Қайсы бірің (намаздан басқа уақытта) мешітке кірсе, отырмастан бұрын екі ракат намаз оқысын!”, - деген», - деді.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге имамдық қылып екі ракат намаз оқыды, содан соң: “Меймандықтан қайтқаннан соң дұғаның орнына намаз оқыңдар!”, - деді.

266. Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге бесіннен бұрын екі ракат, және бесіннен кейін екі ракат намаз оқыдым. Соңыра жұмадан кейін де, шамнан кейін де, құптаннан кейін де екі ракат намаз оқыдым», - деді.

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жұмада уағыз айтып тұрып: “Біреулерің имам құтпада тұрған уақытта немесе құтпа айтуға шығып жатқан уақытта мешітке келсе, екі ракат намаз оқысын!”, - деді.

Ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Үйге келгенімде маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Қағбатуллаға кіріп кеткені туралы айтысты. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) Қағбадан шығып келе жатқан кезінде жолықтырдым. Қағбаның есігінің алдында Біләл тұр екен. Мен Біләлдан: “Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбада намаз оқыды ма?”, - деп сұрадым. Біләл: “Иә оқыды”, - деді. Мен: “Қағбаның қай жерінде?”, - деп сұрадым. Біләл: “Анау екі тіреудің арасында оқыды, содан сыртқа шығып, Қағбаға қарап және екі ракат намаз оқыды”, - деді.

Әбу Хурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) маған екі ракат Зуха намазын оқымақты дайындады», - деді.

Ғатбан (р.а.): «Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) Әбу Бәкір Сыддық күн көтерілгенде менікіне келді. Біз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) артына сапқа тұрдық. Ол кісі бізге имамдық қылып, намаз оқыды», - деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

ummet.kz