16 Шілде 2026, Бейсенбі 2 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 04:14
Бесін 12:25
Екінті 17:54
Шам 20:27
Құптан 22:21

Құлшылығымды емес, ықыласымды түзегейсің!

Құлшылығымды емес, ықыласымды түзегейсің!

Сен амалдарыңды көркем түрде, ықыласпен орындауға тырыс. Ықылассыз орындалған амалдың еш пайдасы жоқ. Ықылассыз орындалған көп амал – бағасы арзан киім сияқты.


Ал ықыласпен орындалған аз амал – бағасы қымбат аз киім сияқты. Ол жақұтқа да ұқсайды: жақұттың пішіні кішкентай болғанымен, ол – өте бағалы, қымбат тас. Кім жүрегін Алламен әуре қылса, азғырушы нәпсінің азғыруынан, жамандығынан емделеді, көп намаз оқып, көп ораза ұстайтын кісілерден абзал болады.

Ықылассыз оқылған намаз – патшаға 100 бос сандықты сыйға тартқанмен тең, ол кісі жазаға лайық болуы мүмкін. Ал ықыласпен оқылған намаз – патшаға 1000 динарлық жақұт сыйлағанмен тең. Патша оған риза болып, рақметін айтып жүреді.

Намазда сен Аллаға жалбарынасың және «Әс-сәләму алайка әйюһән-нәбийю уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ» деп Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөйлесесің. Өйткені арабтар «әйюһар-ражул» сөзін тек жанында тұрған адамға айтады.

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,   

ummet.kz