Рухани пайдалары:
Аллаға жақындау. Намаздың ең негізгі әрі ең маңызды бөлігі. Жан тыныштығы мен жүрек жеңілдігі осы сәтте сезіледі.
Қарапайымдылық пен ризашылық. Басыңызды жерге тигізу арқылы адамның рухани пәктігі, шарасыздығы мен Алла алдындағы тәуекелі көрінеді.
Дұғаның қабыл болуына әсері. Сәждеде Аллаға жақын болудың, жүректен шыққан дұғаның қабыл болу мүмкіндігі артады.
Психологиялық жеңілдік. Сәжде кезінде адам өз уайымын, ауыртпалықтарын Жаббар Иесіне тапсырады.
Пендеге құл екендігін сездіреді. Қандай мансап, байлық пен атақтың иесі болса да өзінің бейшара құл екендігін есіне алады.
Медициналық пайдалары:
Бас пен жүрекке қан айналымын жақсартады. Бас төмен болған кезде миға және жүрекке қан жақсырақ жетеді.
Жамбас, арқаның бұлшықеттерін нығайтады. Сәжде кезінде арқаның, белдің және аяқ бұлшықеттері созылады, бұл омыртқа мен буынға пайдалы.
Қан қысымын реттейді. Бас еңкейген сайын қан қысымы табиғи түрде теңселеді, стресті азайтады.
Жүйке жүйесін тыныштандырады. Тыныс алу баяулап, жүйке жүйесі тынышталады, бұл уайым мен мазасыздықты төмендетеді.
Ас қорытуға көмек. Сәжде кезінде іш бұлшықеттері жеңіл қысылып, ас қорыту процесі жақсарады.
материал «Сен керексің» кітабынан алынды,
ummet.kz