Ұялу сипаты мұсылман үшін өте маңызды сипат болғанымен, дінімізде ұялу дұрыс деп табылмайтын жағдайлар да бар.
Олар мыналар:
Бірінші: Дінімізде міндет болып табылатын істерді атқарудағы ұялу. Дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау т.б. дін міндет еткен ғибадаттарды атқаруға ұялу керек.
Екінші: Ұялшақтық тыйым етілген істерге жетеле-меуі қажет. Қандай да бір адам «арақ ішетін адамдардан ұят болады деп, мен де іштим» деуі, немесе «құдам ішетін болған соң, үйден дастарқанға арақ қойдым» деп айтуы ұялудың құпталмайтын түріне жатады.
Үшінші: Ақиқатты айтудан ұялу. Қазақ халқы да ұятты өте жоғары бағалағаны белгілі. Бірақ кей кездері «Ұлы сөзде – ұят жоқ» деп кей жағдайда ақиқат болған нәрсені сөз ету ұят болмайтынын айтқан. Қасиетті Құранда мынадай аят бар:
«Я, иман келтіргендер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұқсат берілмейінше кірмеңдер де, тамақтың пісуін күтпеңдер. Бірақ қашан шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеген кезде, дереу тараңдар, сөзге айналмаңдар. Расында, бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі сендерден ұялады. Бірақ, Алла шындықтан ұялмайды» («Ахзаб» сүресі, 53-аят).
Бұл аяттың түсу себебі, бірде ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары мен Зейнеп анамыздың үйінде болғанында, тамақтан кейін кей сахабалар ұзақ уақыт әңгіме дүкен құрып отырып қалды. Бұл Алла Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қажетті істерінен бөгейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына «қайтыңдар» деген сөзді айтудан ұялды. Сол себепті Алла Тағала сахабаларда Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарым-қатынастағы көркем әдепті үйретіп, жоғарыдағы аятты түсірген.
Төртінші: Білім алудан ұялу. Білім алушы жасының үлкендігіне ұялуы немесе білмейтінін сұраудан қысылуы сияқты т.б. білім мәселесіндегі ұялу құпталмайды. Атақты табиғин Мужаһид (Алла оны рақымына алсын): «Ұялшақ және тәкаппар адам білім үйрене алмайды», – деп айтқан.
Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «білмеген адам білмегенін сұрауға ұялмасын. Ал білген адам одан білмегенін сұрағанда «білмедім» деп айтуудан ұялмасын», – деген.
материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,
ummet.kz