03 Қыркүйек 2026, Бейсенбі 21 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:51
Күн 05:25
Бесін 12:19
Шам 19:01
Құптан 20:35

Алла Елшісі (с.ғ.с) ұйықтағанда дәреті бұзылмайтын еді

Алла Елшісі (с.ғ.с) ұйықтағанда дәреті бұзылмайтын еді

Абдулла бин Аббас (р.а) баласының таңертең ұйықтап жатқанын көріп: «Тұр, ризық, несібе бөлініп беріліп жатқан уақытта ұйықтағаның не?!» – деген екен.


Бара ибн Азибтан жеткен хадисте: Алла елшісі (с.ғ.с) ұйықтар алдында алақанының оң бетіне қойып: «Раббым құлдарыңды тірілткен кездегі азаптан мені сақтай көр», деп дұға жасайтын (Сахих, Абу Дауд 5045).

Төсекке жатқанда оқылатын дұға:

Оқылуы: «Аллаһуммә бисмикә әмууту уә ахйә».

Мағынасы: «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз».

Таңертең ұйқыдан тұрғанда оқылатын дұға:

Оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи ахйана бәғдә мә әмәтәнә уә иләйһин-нушур».

Мағынасы: «Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаға мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән».

Алла елшісі (с.ғ.с) түнде төсегіне жатар алдын қолын жайып, оған үрлеп «Ықылас, Фалақ, Нәс» сүрелерін оқып қолы денесінің қай жеріне жетеді барлығын сипап шығатын болған. Жүзі, басы, қолы жететін денелерінің барлығын үш рет сипайтын.

Алла елшісі (с.ғ.с) ұйықтағанда дәреті бұзылмайтын болған. Жалпы ұйқы дәрет бұзады. Тек ұйықтаған кезде жел шығару қауіпті болған себепті дәретсіз есептеледі. Ибн Аббас (р.а) «Алла елшісі (с.ғ.с) дыбысын шығарып ұйықтады. Таң намазына Билал азан шақырған кезде орнынан тұрып намазға қарай кететін, бірақ дәрет алмайтын», деп айтты. Себебі Алла елшісінің көзі ұйықтағанымен жүрегі ояу болатын. Егер дәреті бұзылған болса оны сезетін еді.

Түнде жатқан кезде оң жағына қарап ұйықтайтын. Түнгі құлшылығын орындап таң намазына аз уақыт қалғанда оң алақанын басына қойып жататын.

Оң жақпен жатса жүрекке пайдалы және күні бойы жиналған улы заттардан тазарады екен. Ал сол жақпен жататын болса жүрекке салмақ түсіп ұйқы дұрыс болмайды.

материал  «Алла (с.ғ.с) елшісін көргім келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz