03 Қыркүйек 2026, Бейсенбі 21 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:51
Күн 05:25
Бесін 12:19
Шам 19:01
Құптан 20:35

«Менің үмбетім дастарқанға аш отырып, тоймай тұрып кетеді» (хадис)

«Менің үмбетім дастарқанға аш отырып, тоймай тұрып кетеді» (хадис)

«Менің үмбетім дастарқанға аш отырып, тоймай тұрып кетеді», (Бухари 12).


Қағб ибн Мәлик (р.а) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тамақтанғаннан кейін саусақтарын үш рет жалайтын».

Қағб ибн Мәлик ансарлық сахабалардың бірі. Табукке қатыспаған сахабаның бірі. Шынайы тәубе еткеннен кейін Алла олардың тәубелерін қабыл еткен. Әли (р.а) халифалығы кезінде дүниеден өткен. Бір деректерде хижреттің 53-ші жылы қайтыс болғандығы айтылады.

Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) исламның әдептерінің бірін көрсеткен. Алдыға келген асты қасықпен немесе басқа құралдармен емес қолмен жеген. Британиялық мамандар жас балаларға жасаған зерттеуінде, қолмен тамақтанғанның пайдасы көп екенін зерттеп шықты. Сүттен ақырған балаларды екі топқа бөліп, бір топты қолмен тамақтандырып, ал бір тобына қасық береді. Нәтижесінде қолымен тамақтанған балалар қасықпен тамақтанған балаларға қарағанда тойымды болған.

Ибн Халдун адам қандай малдың немесе жануардың етін жеп, сүтін ішкеніне байланысты бойында сол жануардың мінезі мен генетикалық ерекшеліктері пайда болатындығын айтқан.

Оксфорд университетінің профессоры Чарльз Спенс: «Тамақты қолмен жеу тамақтың текстурасы мен дәмін жақсартады» деген.

Расында кез-келген тағамды қолмен жейтін болсаң оның дәмін жақсы сезінуге көмектеседі. Біздің дәстүрімізде де бешбармақты бес саусақпен салып тұрып жесін деп атап кеткен. Дәл осы тағамды Пайғамбарымыздың да жегені туралы деректер бар. Бірақ біздегідей бидай ұнынан емес қамыры арпадан жасалған.

Үш саусақ дегеніміз – бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ.

Имам Шафиғи: «бір саусақпен тамақ жеу жиркенішті іс. Екі саусақпен тәкаппарлардың жеуі, үш саусақпен жеу-сүннет, одан ары қарай көмейлілік», деп келтірген.

Бір саусақпен шұқып жеу шайтаннан деген де көзқарастар бар.

Тамақтанғаннан кейін саусақты үш рет жалап қою сүннет болып табылады. Бұл тазалыққа жақын болғаны үшін, әрі жеген тағамның берекетін алу үшін. Саусақты жалағаннан кейін қайта тамаққа салу макрух. Муслимде жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады: «Егер тамақтарыңнан бір бөлігі жерге түсіп қалса, шайтанға қалдырмай оны алып тазалап же...»

Қойыңдар. Саусақтарыңды жаламай оны сүлгіге сүртпеңдер. Расында тамақтың қай жерінде береке барын білмейсіңдер».

Алла елшісі (с.ғ.с) саусақтарын бірінші жалaп кейін барып сүртетін. Нанның ұсақтарын қалдырмау керек. Мүмкіндігінше нанды тамақ ішіп отырған ыдыстың үстіне сындырған абзал болады. Алла елшісі (с.ғ.с) айтады: Ыдысты тазалап жалаған адам үшін сол ыдыс «Я Раббым! Мені шайтаннан қорғағаның секілді оны тозақтан сақта», деп айтылады.

Алла елшісі (с.ғ.с) аштықта да тоқшылықта да Аллаға мадақ айтатын.

Ибраһимнің а.с. оқиғасында Ақар анамыздың өмірден өткенін естіп баласы Исмаилге келген уақытында ол аштыққа кетіп қалған екен. Исмаилдің жұбайы Журум тайпасының көсемі Сағдтың Харра деген қызы еді. Ибрахим олардың жағдайларын сұраған уақытында жағдайлары нашар екенін айтады. Содан баласына айтқаны деп «есіктің босағасын ауыстырсын», деп өсиет айтып кетеді. Себебі ол ұрпақтан Пайғамбар шығайын деп тұр. Ол әйелді талақ етіп сол тайпадан Мудтың қызы Раъланы әйелдікке алады. Бір күні Ибрахим қайта келгенде Исмаил ауада екен.

Расында шығып күтіп алады. Жағдайларын сұраған уақытында жақсы екендігін және ет пен нанның бар екендігін айтады. Сонда Ибрахим «ет пен нандарыңа Алла береке берсін», деп дұға жасаған екен. Аннан келген уақытында қарт кісінің келгенін және оған «есіктің босағасын бекем ұстасын», деген өсиетін жеткізеді. Олардың некелерінен он екі ұл бір қыз дүниеге келеді. Алла елшісі: «Егер ет пен нанның қасында былай да бар деген кезінде Меккенің айналасы дәнді-дақылға толар еді» деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ата-тектерінің баршасы таза, текті, шүкіршіл пенделерден болған.

Тамақтанған уақытта қолмен жеген абзал болады. Харун Рашидтің халифалығы кезінде Әбу Юсуф кеуі тамақтанып отырады. Сол уақытта халифаның қасы жерге түскен кезде қызметшісіне басқасын алып келуді тапсырады. Қызметші алып келемін дегенде Әбу Юсуф «Сіздің атаңыз ибн Аббас (с.ғ.с) «біз адам баласын құрметті етіп жараттық» деген аятты «біз оларға тамақтану үшін саусақтар бердік», деп түсіндірме берген еді», деп айтады. Қызметші қасық алып келген кезінде оны керек етпей қолмен тамақтанған екен.

Тамақтанған уақытта алдыңғы тақырыпта айтқандай оң тізені көтеріп сол аяққа отыру керек. Бұл отырыс қомағайланып көп тамақтанып қоюдан сақтайды. Және тамақты жантайлап жеуге болмайды. Ғалымдарымыз тамақтанғаннан кейін мың қадам жүрмей жатпаған екен. Алла асымызға адалдық берсін...

материал  «Алла (с.ғ.с) елшісін көргім келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz