Шүкірлік ету пенденің жүрегіне тыныштық ұялататын, берілген нығметінің арттыруына себепші болады. Абай хәкімнің «Сахиб нигметке¹²⁵ шүкіршілігінің жоқ болса, әдепсіздікпен күнәһар болмайсың ба?» – деп айтқанындай, шүкірсіздік – қанағатсыздық пен тойымсыздыққа әкеліп, нығметтің азаюына, пенденің күнәға душар етілуіне себеп болады.
Жаратушы Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі «әш-Шәкур» – шүкірлік иесі. Қасиетті Құранда: «Расында Алла Тағала өте кешірімді, жақсылыққа көп сауап беруші!»¹²⁶, – делінген. Алла Тағаланың «әш-Шакуру» көркем есімінің мағынасы – Ол құлдарының жасаған амалдарының сауабын зая кетірмейді, олардың ықыласпен жасаған амалдарын қабыл алып, ол амалды он еседен жеті жүзге дейін, тіпті ниеттеріне қарай есепсіз арттыруы дегенді білдіреді. Сол сияқты Өзінің берген нығметіне шүкір ететін пенделерін де Алла Тағаланың осы есіммен атауы шүкір етудің артықшылығын әрі шүкірлерінің биік дәрежесін көрсетеді.
Қасиетті Құран аяттарында шүкірлік етуші жандар екі түрлі аталған.
Бірінші: «Әш-шакуру» Қасиетті Құранда: «Және шүкірлік етушілерден бол»¹²⁷ – деп айтылған.
Екіншісі: «Әш-шакуру» Алла Тағала қасиетті Құранда:
«Құлдарымның ішінде «әш-шакур» болғандары аз»¹²⁸, – деп айтқан.
«Әш-шакуру» деп Жаратушысына шынайы түрде бойсұнып әрі Оның міндет еткен құлшылықтарын атқару арқылы шүкірлік етуге атсалысқан адамды айтамыз¹²⁹. «Әш-шакуру» – шүкір етуші болса, «әш-шакуру» сипатына ие болған адам тілімен және өзінің салиқалы амалдары арқылы да шүкірлік етуші болып табылады. Әл-Мунауи (Алла оны рақымына алсын) бұл екі сөздің айырмашылығын: «Әш-шакуру – басына жақсылық келгенде шүкір етуші, ал «әш-шакуру» – басына қиыншылық келгенде де шүкірлік ететін адам»¹³⁰, – деп түсіндірген.
Адамзатқа ақ пен қараны ажыратып берген барлық пайғамбарлардың барлығы да өте шүкіршіл болған. Қасиетті Құранда Нұх, Ибраһим, Дәуіт және өзге де пайғамбарлар шүкірші сипатталған. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен шүкірлік етуші құлдардың бірі болмаймын ба?»¹³¹, – деп айтқан.
Шүкір ету осындай үлкен маңызға ие болғандықтан, Алла Тағала иман еткен жандарға әркез шүкірлік етуді бұйырған. Мысалы, «Бақара» сүресінің 152-аятында Жаратушы Иеміз:
«Әдетте Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі намазды ұзақ оқығаны соншалық, аяғы жарыла кететін. Бірде мен одан: «Уа, Алланың Елшісі! Неліктен сонша құлшылық етесіз, сіздің өткен әрі алдағы күнәларыңыздың барлығын кешірді емес пе?» – дедім. Ол кісі маған: «Мен шүкірлік етуші құлдардың бірі болмаймын ба?» – деп жауап берді», – делінген.¹³⁴
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаз оқу арқылы Жаратушыға шүкірлік еткен. Алла Тағаланың берген нығметіне шүкір етуші адам «Аллаға шүкір» деп айтумен ғана шектелмей, амалмен де Алла разы болатын істерді атқарса, шүкірлікті толықтай жүзеге асырған болады. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Я, Дәуіттің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!»¹³⁵ – деп бұйырады. Аятта Алла Тағала «шүкір айт» деп емес, «амал етіңдер» деп, шүкірлікті амалмен жүзеге асыру керектігін бұйырған. Ендеше тілмен айтуымен қатар, шүкірлік адамның ісінен де көрініс тапқаны жөн.
Мысалы адамның өзіне берілген көз жанарына, яғни көру нығметіне шүкірлік етуі – көзімен харам іске қарамауы, денсаулығына деген шүкірлігі – арақ, темекі, есірткі сынды, денсаулығына зиян заттарды пайдаланбауы, берілген мал-дүниесіне шүкірлігі дүниесінің бір бөлігін адамдардың пайдасына жұмсап, садақа беру арқылы жүзеге асырылады.
¹²⁵ Нығмет иесіне деген мағынада;
¹²⁶ «Шура» сүресі, 23-аят;
¹²⁷ «Зумар» сүресі, 66-аят;
¹²⁸ «Саба» сүресі, 13-аят;
¹²⁹ «Шарх ас-синағати-л-кафия» (125,126);
¹³⁰ «Маусугату надрату-н-нагим», 5-том, 334-бет;
¹³¹ Бұхари (4837), Муслим (2820). ¹³⁴ Бұхари (4837), Муслим (2820).
¹³⁵ «Саба» сүресі, 13-аят.
материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,
ummet.kz