24 Қыркүйек 2026, Бейсенбі 13 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:58
Бесін 12:11
Екінті 16:17
Шам 18:14
Құптан 19:40

Парыз қимылдарының сүннеттен айырмашылығы

Парыз қимылдарының сүннеттен айырмашылығы

Осы жерге дейін түсіндіргендеріміз ақырет жолаушысының намазда жасауы керек парыз, уәжіп, сүннет, әдеп және жамағатқа қатысты айтылған нәрселер еді.


Олардың парызы он екі:

1. Ниет.
2. Ифтитах тәкбірі, яғни алғашқы «Аллаһу Әкбар».
3. Қиям күші жететіндер үшін аяқта тұру.
4. «Фатиха» сүресін оқу.
5. Рукуғқа иілгенде қолдың ішінің тізенің үстіне тиетіндей және әрекетсіз тұмани́на (қанағатпен тұру).
6. Итидал (орташа қимыл). Рукуғтан тұрған кезде тікесінен тұру және денені қозғалтпау.
7. Сәждеге бас қойғанда тұмани́на (қанағатпен әрекетсіз тұру) және сәждеде қолдарды жерге қою парыз емес (Ханафи мәзһабы бойынша жеті ағза жерге тиеді).
8. Жәлса, яғни екі сәжденің арасындағы отырыста тағы тұмани́на (қанағатпен әрекетсіз) отыру.
9. Соңғы отырыста отыру.
10. Әттахиятты оқу.
11. Ардақты Пайғамбарға салауат айту, салауаттар оқу.
12. Бірінші сәлем, бірақ намаздан шығу үшін ниет ету парыз емес.

Міне, парыздар осылар. Ал қалғандары парыз емес – сүннеттер мен парыздардың құрамынан тұрады.

Намаздың сүннеттері: (Шафиғи мәзһабында уәжіп болмағаны үшін парыздардан кейін сүннеттерге өткен).

Намаздың іс-қимылдық төрт сүннеті бар:

1. Ифтитах тәкбірінде қолдарды көтеру. (Бұл да Шафиғи мәзһабына тән).
2. Рукуғқа барғанда қолдарды тағы көтеру. (Бұл да Шафиғи мәзһабы бойынша).

материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды, 

ummet.kz