23 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі 12 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:57
Бесін 12:12
Екінті 16:19
Шам 18:16
Құптан 19:43

Намазда көзге түскен қателіктерді түзету – міндет

Намазда көзге түскен қателіктерді түзету – міндет

Намазда байқалған қателіктерді түзету – міндет. Егер қателік надан кісіде байқалса, оны қатты емес, жұмсақ тілде ескерту керек.


Бұған саптарды түзету, саптан тыс жеке өзі қалып қойғандарды сапқа тұрғызу, имамнан бұрын басын көтергендерді ескерту және соған ұқсас мәселелер жатады. Бұндай түзетулердің зәрулік екендігін баяндаған ардақты Пайғамбар: «Наданға үйретпеген ғалымға нендей өкініш. Ол ғалымның халі неткен өкінішті» деген.

Ибн Масғуд (р.а.) бір кісіге: «Кімде-кім намазда қателік жасағанды көріп тұрып оны түзетпесе, сол адамның күнәсіне ортақ болады», – деген. Біләл ибн Сағд: «Қателіктер жасырын болғанда зияны тек иесіне тиеді, ал жарыққа шығып оны ешкім түзетпесе зияны бәріне тиеді», – деген. Бір риуаятта: «Біләл саптарды түзетіп, артта қалған өкшелерді қамшымен ұратын» делінген.

Әзірет Омар (р.а.): «Дін бауырларыңды намазда іздеңдер. Таба алмасаңдар, үйіне іздеп барыңдар. Ауру болса, «Алла шипасын берсін» деңдер! Дені сау болса ескерту жасаңдар», – деген. Жамағаттан қалып қойған дұрыс емес. Кейбіреулер тіпті жамағаттан тек өлілердің қалып қоятынын меңзеп мешітке келмеген адамдардың есігіне табыт қойып кететін болған.

Намаз оқуға мешітке кіргенде мүмкіндігінше оң жақты таңдау керек. Ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) заманында бәрі оңға жүгіретін. Тіпті бірде «Мешіттің сол жағы бос қалып бара жатыр» деп хабар айтылғанда, ардақты Пайғамбар (с.а.с.): «Мешіттің сол жағында тұрып намаз оқығанға екі сауап бар» деген.

Кейіннен келген кісі сапта бос орын таппаса және сапта балиғат жасына толмаған бала болса, оны артқа жылжытып, өзі соның орнына тұрады.

материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды, 

ummet.kz