Хажжаж бір дәрігерге:
«Маған кеңес айт. Сенің берген кеңестеріңе сай әрекет етейін», – дейді.
Дәрігер: «Үйленер болсаң, жас қыз ал. Жас, әлді жануардың етін же. Толық піспеген жемістерді жеме. Ауырмайынша өз бетіңмен дәрі-дәрмек қолданба. Бұтағында піскен жемісті же. Аузыңдағы тамақты жақсылап шайна. Жаның қалаған тамақты же. Тамақтанып отырып су ішпе. Су іше салып тамақ жеме. Үлкен және кіші дәретіңді ұстама. Зәр шығаруды кешіктіру – арнасы жабылған өзеннің жан-жағын бұзатындығы секілді денені де бұзады. Күндіз тамақтанып болған соң біраз ұйықта. Кешкі тамақтан соң жүз қадам болса да жүрмей тұрып ұйқыға бас қойма», – деп кеңес берген екен.
Арабтардың «Таңғы астан кейін жат, кешкі астан соң жүр» деген сөзі де осыны білдіреді.
материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды,
ummet.kz