Бұл тақырыпқа қатысты (әзірет Айша, ибн Аббас және Әбу Һурайра (р.а.) жолымен жеткізілген хадистерден денеге байланысты 12 сүннет ортаға шығады.
Олардың бесеуі басқа қатысты:
1. Бастың шашын тарап тазалау.
2. Ауызды шаю.
3. Мұрынға су тарту.
4. Мұртты қысқарту.
5. Мисуак қолдану.
Үшеуі қол-аяққа қатысты:
1. Тырнақ алу.
2. Саусақтардың буындарын жуу.
3. Саусақтардың арасын салалап жуу.
Төртеуі дененің барлық жеріне қатысты. Олар:
1. Қолтық тазалығы.
2. Шат тазалығы.
3. Сүндетке отыру.
4. Сумен (таһарат) тазалану.
Бұлардың бәрі хадистер арқылы жеткен. Сондықтан бұл кітаптың (Китабу әсрари Таһарат) мақсаты ішкі (батин) тазалық емес сыртқы (заһир) тазалығын түсіндіру болса да біз осы айтылғандарды жеткілікті санаймыз. Негізінде, тазалануы керек кір-ластықтар санап тауыса алмайтындай дәрежеде өте көп.
Алла Тағаланың көмегімен бұған қатысты тақырып келетін болады, сол жерде жүректі кір-ластықтан тазарту жолдары түсіндіріледі.
материал «Ихия улумид-дин» кітабынан алынды,
ummet.kz