04 Қыркүйек 2026, Жұма 22 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:27
Бесін 12:18
Екінті 16:54
Шам 18:59
Құптан 20:32

Имам Әбу Ханифаның (р.а) зеректігі

Имам Әбу Ханифаның (р.а) зеректігі

Имам Әбу Ханифа бір күні атақты табиғин, қырағат және хадис риуаятуымен танымал Ағмашпен жолығып қалады.


Сонда Ағмаш имам Әбу Ханифаға: «Мына мәселе төңірегінде не айтасың?» – деп сұрақ қояды.

Әбу Ханифа: «Бұл мәселеге былай деп жауап беремін», – деп, өз көзқарасын білдіреді.

Ағмаш: «Бұны неге сүйеніп айттың?» – дейді.

Осы кезде имам Әбу Ханифа Ағмаштың өзі риуаят етіп жүрген хадистерді, бүкіл тізбегімен тізіп тұрып, айтып береді.

Ағмаш таңғалып: «Болды, жетер. Менің жүз күндік айтарымды бір сәттің ішінде жеткіздің. Сенің бұл хадистермен амал ететініңді білмеппін. Әй, фақиһтар, сендер дәрігер болғандар, біз тек дәрі жасаушығанамыз», – деген екен⁴¹⁶.

Мұхаддис адам хадис риуаят еткенмен, одан қандай дәлел алынатынына аса үңілмеуі мүмкін. Өйткені мұхаддистің міндеті – хадистен қандай дәлел алынатынын зерттеу емес, тек оны риуаят етіп, жеткізу. Алайда фақиһ адам хадистен қандай дәлел алынатынына зер салады. Ағмашқа өзі риуаят еткен хадистерін бүкіл тізбегімен айтып әрі одан қандай дәлел алынатынын баяндап беруінен-ақ имам Әбу Ханифаның қаншалықты пайымы жоғары, әрі зерек адам болғанын түсінеміз.

⁴¹⁶ Қараңыз: «Әсару әл-хадис фи ихтилафи әиммати әл-фуқаха», Мұхаммад Ғауама, 1978ж.

материал  «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz