06 Қыркүйек 2026, Жексенбі 24 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:57
Күн 05:30
Екінті 16:51
Шам 18:55
Құптан 20:27

Әбу Ханифа (р.а): «Мына бес хадиске амал еткейсің»

Әбу Ханифа (р.а): «Мына бес хадиске амал еткейсің»

Мен 500  000 хадистің ішінен теріп алған 5 хадиске амал еткейсің:

1. «Расында амалдар ниетке байланысты».

2. «Исламның көркемділігіне – өзіңе қатысты болмаған пайдасыз істі тастау жатады».

3. «Өзіңе қалағанды мұсылман бауырыңа қаламайынша, толық иман еткен болмайсыңдар».

4. «Ақиқатында, адал – белгілі және арам – белгілі. Ал, бұлардың арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі нәрселер бар. Күмәнді дүниеден аулақ болған адам – өз дінін және өз абыройын сақтайды. Ал, күмәнді дүниемен айналысқан адам – араммен де айналысады. Ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Расында, әр патшаның өз қорығы бар. Алла Тағаланың қорығы – адамдарға тыйым салған нәрселері. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол дұрыс болса, бүкіл дене дұрыс болады. Ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Расында, ол кесек ет – жүрек».

5. «Нағыз мұсылман – өзге мұсылмандар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам. Ал нағыз мүмін адамдардың жаны мен малы одан амандықта болған жан. Шынайы мұхажир – жаман әрекеттерін тастаған адам. Нағыз жауынгер – Алла үшін өз нәпсісімен күрескен адам».

материал «Имам Ағзамның өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz