10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Тақуалыққа кедергі болатын үш бөгет

Тақуалыққа кедергі болатын үш бөгет

Бірінші бөгет – тәкәппарлық, менмендік сезімі. Алла бойымызға дарытқан рухани қасиеттерді, қабілеттерді өзімнен деп білу. Яғни шайтан секілді Перғауынға ұқсап, Қарун сияқты «Мен, мен» - деп айту.

Қажы Байрам Уәлидің сөзімен айтқанда, бұл тәкаппарлық белге байланған тас сияқты. Онымен ұша да алмайсың, жүзе де алмайсың.

Екінші бөгет – сараңдық пен жалқаулық. Уақыт бөлуге келгенде, күш жұмсауға келгенде және қызмет жасау, жәрдем етуге келгенде сараңдық таныту, жалқаулану. Біле білсеңіз: «Жәннат – жомарттардың, ал жәһаннам болса сараңдардың баратын орны» (Хазірет Әли).

Үшінші бөгет – ақымақтық. Адамның ақыретті тастап, дүниені таңдау ғапылдығына түсуі, яғни, мәңгілікті беріп, уақытша жалған дүниені сатып алуы – барып тұрған ақымақтық.

Тақуалықтың тоқырауына байланысты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқан мына хадис өте мағыналы:

«Сондай бір күндер туады, мына үш нәрседен бағалы нәрсе болмай қалады: адал табыс, шын көңілді бауыр, амал етерлік сүннет амалдар» (Хәйсәми, 1, 172).

материал «Ықылас пен тақуалық» кітабынан алынды,

ummet.kz