10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Қиыншылық кезіндегі ризалық

Қиыншылық кезіндегі ризалық

Сынақ келгендегі мұсылман адамның ұстамдылығы екі дәрежеден тұрады.

Біріншісі – сабыр, екіншісі – ризалық. Дәреже тұрғысынан ризалық сабыр етуден жоғары тұрады. Осы себепті де ғалымдарымыз: «сынаққа сабыр ету – уәжіп, ал ризалық таныту – мустахаб», - деп айтқан. Сынақты ризалықпен қарсы алу – нағыз тақуа құлдардың сипаттарынан.

Омар (р.а) Әбу Мұсаға (р.а) жазған хатында: «Жақсылықтың барлығы – ризалықта. Егер шамаң келсе, ризалық таныт. Олай істей алмасаң сабырлық қыл», - депті.

Лұқман өзінің ұлына: «Мен саған Аллаға жақындататын әрі Оның ашуынан алыстататын сипатты өсиет етейін: Алла Тағалаға ешбір ортақ қоспай құлшылық қыл, саған ұнаса да, ұнамаса да Алланың тағдырына ризалық білдір», - деп өсиет айтқан екен.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz