21 Шілде 2026, Сейсенбі 7 Сафар 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:22
Күн 04:19
Екінті 17:51
Шам 20:22
Құптан 22:19

Алланың «жоқ» деуі – сен үшін ең ұлы «иә» болуы мүмкін

Алланың «жоқ» деуі – сен үшін ең ұлы «иә» болуы мүмкін

Ибн әл-Қайим «әл-Фәуаид» атты еңбегінде былай дейді:


«Раббы Тағала мүмін пендесіне дүниеден бір нәрсені бермей қойса, міндетті түрде оған одан да жақсысын, одан да пайдалысын береді!».

Дәрігер әрқашан саған ұнайтын дәріні бермейді. Кейде ол ащы, кейде дәмсіз болуы мүмкін, бірақ ол — жазылудың жалғыз жолы. Алла Тағала болса, ең кемел дәрігерден де БИІК. Ол да саған әрқашан қалағаåныңды емес, қажеттіңді береді. Сен кейде “неге дәл осылай болды?” деп ренжисің, “неге менің тілегім қабыл болмады?” деп күмәнданасың… бірақ сен тек бір қырдан ғана көресің. Ал Алла — барлық тараптан көреді. Сен тек бүгінді білесің, ал Ол — ертеңіңді, келешегіңді, жүрегіңді де біледі.

Хазірет Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Егер ғайып перделері ашылса, пенде өзіне Алла таңдағаннан өзге еш нәрсені таңдамас еді!» деген.

Яғни, егер сен Алланың сені неге дәл осы жолмен жүргізіп жатқанын білсең, қазір ренжіп жүргенің үшін ұялар едің. Сен «жоғалттым» деп жүрген нәрсең, бәлкім, сенің құтқарылуың болуы мүмкін. Сен «жабылып қалды» деп жүрген есік, бәлкім, жамандықтан сақтап тұрған есік еді. Өмірде ең ауыр сәт — күткенің орындалмаған сәт. Бірақ, дәл сол сәт — Алланың саған «Мен сенің орныңа таңдадым» деген кезі. Сен Алладан сұрайсың — Ол береді.

Сен үндемейсің — Ол бәрібір жоспарлайды.

Сен ренжисің — Ол бәрібір сүйеді.

Сен тоқтайсың — Ол алға бастырады.

Себебі, Ол — Мінсіз Раббың!

Ол сені сенен де жақсы біледі.

Сондықтан Алланың «жоқ» деуі — сен үшін ең ұлы «иә» болуы мүмкін...

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды,

ummet.kz