24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Бесін 12:22
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Алла Тағаланың таразысы басқаша өлшейді

Алла Тағаланың таразысы басқаша өлшейді

Кейде адамның қолындағы бір түйір құрмасы, жүректен шыққан шынайы ниетпен берілсе – талай байдың қазынасынан да құнды болады.

Себебі Алланың таразысы басқаша өлшейді. Алла Тағала Құранда кімнің қолы кең, мүмкіндігі мол болса, сол кеңдігінен берсін деген мағынадағы аятты келтіреді. Бұл аят – адамға берілген нығметтің сынақ екенін еске салады. Байлық – тек өзіңдікі емес, онда өзгелердің де несібесі бар.

Бұл сөздің мәні өте терең. Яғни кімнің қолы кең болса, сол қолының кеңдігінен берсін. Бай болсаң – байлығыңнан бер. Аз болсаң – аздығыңнан бер. Бірақ ешқашан «менде жоқ қой» деп жақсылықтан қашпа. Өйткені Алла сенің бергеніңнің көлеміне емес, ықыласыңа қарайды.

материал Нұрбол Рахматилланың «Стамбулдағы тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz