Ибн Атоилла ас-Сакандари айтады:
«Алланың рахымын мен кешірімін үміт ету амалмен болады. Амал жоқ болса ол жәй ғана бос арман.»
Құдай өзі кешірер деп намаз оқымау, күнә жасау үлкен қателіктердің бірі. Көпшілігіміз Алла кешіреді деген үмітпен амал етпей жүре береміз.
Хасан әл-Басри айтады: «Алла кешіреді деп алданған қаншама адамдар бар. Олар қайтыс болғанда қап-қап күнәмен дүниеден өтеді. Егер имандарында шынайы болғанда, оларда қап-қап күнә емес, сауап болар еді.» Алла баршамызды кешірсін! Әмин!
материал «Ілімге ғашық адам» кітабынан алынды,
ummet.kz