09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Өзін өртеуді өсиет етті

Өзін өртеуді өсиет етті

Пайғамбарымыз ﷺбылай дейді: «Сіздерден бұрынғылардың заманында, Алла мал-дүние, бала - шаға берген бір кісі болады. Оған ажал сәті жақындағанда, өз балаларына:

 

-              Мен сендерге қандай әке болдым? – деді.

-              Жақсы әке болдыңыз, - деді балалары.

Сонда әкелері: Мен өмірімде бір жақсылық істемеген адаммын. Сондықтан мені өлгенімнен кейін өртеп, сүйегімді ұнтақтап, күлімді дауылды күні далаға шашып жіберіңдер», - деп өсиет етті.

Балалары өсиетті орындап, әкелерін өртеп, күлін дауылды күні далаға шашып жібереді.

Аса Құдыретті Алла сол кісінің шашылған күлін жинап, қайта тірілтіп, одан: «Мұндай істі істеуге сені не итермеледі», - деп сұрады. Әлгі кісі: «Сенен қорыққандығым», - деді. Сонда Алла оны өз мейіріміне бөледі»[1].

Алладан шынайы қорқу – азаптан құтылудың жолы.

 



[1] Имам Әл-Бұхари, Әбу Сағит риуаят еткен.