09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Дінді қалай тұрғызамыз?

Дінді қалай тұрғызамыз?

Дәреттен тамған әр тамшымен күнәлардың төгілуінде, ұлы істің бастамасы екенін білу; Бұл күнәдан арылу.

Азанның «құтылуға асығыңдар»(хайяа алал фалах) деген жолдарына мән беріп, құтылу жолы ол намаз екенін жүрекпен қабылдау; Бұл құтылу.

Намазда әлемдердің Раббысының алдында тұрғаныңды сезіну; Бұл Рабыңмен жолығу.

Ғибадаттың шыңы Алла үшін болған намаз екенін естен шығармау; Бұл ғибадат шыңы.

Құранда: «...Сабыр мен және намазбен Алладан жәрдем тілеңдер!.»,-деген; Бұл жәрдем.

Пайғамбарымыз ﷺ«Әй Біләл, бізді намазбен қуандыр»,-және; бұл қуаныш,

 

«Намаз –діннің тірегі. Кім оны орындаса, дінді тұрғызды. Кім оны орындамаса, дінді құлатқаны», деген; Бұл дін тұрғызу.