Алла елшісінің (с.ғ.с) сахабаларының бірі яһудиден төрт дирхам қарызға алып,қайтара алмай қиналып жүреді. Яһуди кісі төрт дирһамды сұрап, Пайғамбарға (с.ғ.с) келіп шағымданады.
Сонда Алла елшісі (с.ғ.с) әлгі сахабаға: "Ақың бар, бер қарызды” - деді.
— Уа ,Алланың елшісі, қолымда ондай ақша жоқ” - деп айтады.
Алла елшісі (с.ғ.с) талабын үш рет қайталайды. (Алла елшісі бір талапты үш рет қайталаса міндетті түрде істеу керек деген мағынаны беретіндігін бәрі білетін) Сонда сахаба базарға шығып, үстіндегі киімін төрт дирхамға сатып, қарызын жабады. Өзі киімсіз қалады. Жолда бір кемпір киімсіз кейпін көріп болған жайды сұрайды. Бәрін баяндап берген соң, әлгі сахабаға киім алып береді. (Имам Ахмад “Муснад”).
Иә, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қарызға қатты қараған. Тіпті, үстіндегі жалғыз киімін сатқызып, қарызды жапқызған...
материал «Cәруар» кітабынан алынды,
ummet.kz