27 Тамыз 2026, Бейсенбі 14 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:14
Бесін 12:21
Екінті 17:08
Шам 19:17
Құптан 20:54

Тақуалықтың жемісі: Істердің жеңілдетілуі мен оңайлатуы

Тақуалықтың жемісі: Істердің жеңілдетілуі мен оңайлатуы

Кімде-кім Аллаға тиісінше тағзым етсе һәм Оған қарсы келіп асы болудан сақтанса, Алла оның ісін жеңілдетеді (оңғарады).


Имам Нәсәфи (Алла оны рақымына бөлесін): «Кім Алладан қорықса (тақуалық етсе), Алла оның ісін жеңілдетеді». Яғни, Алла оған барлық істерінде жеңілдік береді, қиындықтарын шешіп, түйіндерін тарқатады. Мұның бәрі – тақуалықтың берекесі мен жемісінің арқасында.

Кімде-кім Аллаға тиісінше тағзым етсе және Оған қарсы келіп асы болудан сақтанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді. Имам Нәсәфи (Алла оны рақымына бөлесін): Бұл сөйлем – талақтың сүннетке сай берілуі туралы алдыңғы үкімді қуаттайтын қыстырма сөйлем.

Мағынасы: Кім Алладан қорқып, талақты сүннетке сай берсе, идда мерзімін күтіп отырған әйелге зиян келтірмесе, оны үйінен шығармай, барлық істі сақтықпен атқарып, талаққа куәларды қатыстыратын болса, Алла оған ерлі-зайыптылық
өмірге қатысты қайғы-қасіреттерден, қиыншылықтар мен тығырықтардан шығатын жол береді, оның ауыртпалығын жеңілдетіп, құтылудың жолын нәсіп етеді.

материал «Сүйінші» кітабынан алынды,

ummet.kz