20 Қараша 2026, Жұма 10 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:34
Бесін 12:05
Екінті 14:38
Шам 16:25
Құптан 17:58

Бала тәрбиесі: Балаларға қатысты көше әдебі

Бала тәрбиесі: Балаларға қатысты көше әдебі

Балаға көшеге қоқыс тастамау, түкірмеу, ойын алаңындағы әткеншек, турник сияқты балаларға ортақ заттарды ұқыпты пайдалану, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты жақсы амалдардың қасиетін түсіндіріп, миына құйып отыру керек.


Әбу Сағид Худри (Алла оны рақымына алсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын): «Көше бойында отырудан сақ болыңдар!», - дейді. Сахабалар: «Онсыз болмайды. Көше біздің ақпарат алмасатын жеріміз», - десті. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Отыру қажет болса, онда көшенің ақысын беріңдер», - деді.

Сонда сахабалар: «Көшенің ақысы не?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Көзді тию, айналаға зиян тигізбеу, салемге жауап беру, жақсылыққа шақыру және жамандықтан қайтару» (105), - деп жауап берді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Жас үлкенге, өтіп бара жатқан отырғанға, азшылық көпшілікке сәлем береді» (106), - деген.

Ахмад пен Тирмизи (Алла оны рақымына алсын) еңбекте- рінде Пайғамбарымыздың мынадай өсиеті жазылған (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қайда жүрсең де Алладан қорық. Жамандық істеп қойсаң, оны жуып шаятын жақсылық істе. Адамдармен көркем мінез-құлықпен қарым-қатынас жаса» (107).

 

105. Бухари хадистер жинағы.

106. Бухари, Муслим хадистер жинағы.

107. Ахмад. Тирмизи хадистер жинағы.

материал «Әке мектебі» кітабынан алынды,

ummet.kz