10 Қараша 2026, Сейсенбі 30 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:17
Бесін 12:03
Екінті 14:51
Шам 16:39
Құптан 18:09

Пайғамбардың (с.ғ.с) Әли (р.а) мен Фатиманың (р.а) тойында айтқан батасы

Пайғамбардың (с.ғ.с) Әли (р.а) мен Фатиманың (р.а) тойында айтқан батасы

Ибн Сағд «Табақат» атты еңбегінде той күнін Үммі Айманның сөзімен былай баяндайды:


«Алла елшісі қызы əзірет Фатима мен Али ибн Əбу Тəліпті үйлендірді. Той асы беріліп, келін мен күйеу үйлеріне кететін кезде, Алла елшісі оларға «Менің келгенімді күтіңдер!» – деді.

Келін мен күйеу үйге барған соң, біршама уақыттан кейін Алла елшісі келді. Есікте тұрып сəлем берді. Ішке кіруге рұқсат сұраған соң, мен ескті аштым.

‒ Бауырым қайда? – деп сұрады.

‒ Уа, Расулалла! Кімді айтасыз?

‒ Алиді.

‒ Ол қалай сіздің бауырыңыз болады? Оған қызыңызды берген жоқсыз ба?

‒ Үммі Айман! Ол əлі менің бауырым, – деді. Содан соң су сұрады.

Суды əкелгенімде, онымен қолын жуды. Сосын Алиді шақырды. Али қасына барғанда, алдына отырғызып, қолындағы суды Алидің арқасына жəне жауырынына септі. Содан соң əзірет Фатиманы шақырды. Əзірет Фатима Алла елшісінің жанына етегі жерге тиердей болып келді. Алла елшісі сол судан оған да септі. Содан соң қолын жайып: «Алла Тағалам! Бұл некені құтты қыл! Олардың ұрпағын мүбəрак ет!» – деп бата жасап, соңынан «Фалақ» пен «Нас» сүрелерін оқыды» (Усдул-Ғабə, 2339).

материал  «Фатима (р.а) анамыздың өмірі» кітабынан алынды,

ummet.kz