06 Қараша 2026, Жұма 26 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:10
Бесін 12:03
Екінті 14:57
Шам 16:45
Құптан 18:14

Адам негізінің періштелердің негізінен екендігі

Адам негізінің періштелердің негізінен екендігі

«Адамда жануар, жыртқыш, шайтан және періштенің сипаттары болғандықтан, оның негізі періштелік негізден тұратынын, ал қалғандарының уақытша және өткінші екенін қайдан білеміз?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Мұның жауабы былай түсіндіріледі. Адам жануарлардан және жыртқыштардан жоғарырақ және кемелірек. Мұны бәрі біледі. Барлық нәрсе көтерілудің нәтижесінде өзіне берілетін кемелдік үшін жаратылған.


Бұған мысал келтіретін болсақ: Ат есектен жоғары тұрады. Себебі есекті жүк тасу үшін, ал атты соғыста міну үшін жаратқан. Үстіндегі әскердің қалаған бағытына қарай шабады. Сонымен қатар атқа есек секілді жүк тасу күші де берілген. Осылайша есекке берілмеген үстемдік атқа берілген болып саналады. Егер осы артықшылығында әлсіздік танытса, оның үстіне ер-тоқым салынып, ол есектің деңгейіне түседі. Ал бұл ол үшін нұқсан және кері кету деген сөз.

Сол секілді кейбір адамдар адамның жеп-ішу, жату, жыныстық қатынас жасау және рахатта өмір сүру үшін жаратылғанын айтады. Кейбіреулер адамды күресу, жеңу және басқа нәрселерді бағындыру үшін жаратылған дейді. Араб, күрд және түріктер секілді. Бұлай ойлайтын екі топ та қателеседі. Себебі жеп-ішу мен құмарлықты қандыруды қалау – құмарлықты қанағаттандыру үшін жасалады. Бұл жануарларға да берілген. Түйе адамнан көп жейді, торғай адамнан көп жұптасады. Олай болса, адам қалай олардан үстем бола алады? Халықтарды жеңу, елдерді жаулап алу ашумен болатын нәрсе. Ал бұл – жыртқыштарға берілген нәрсе.

Нәтижеде адамда жануарларда да болатын нәрселер бар. Сонымен қоса адамға кемелдік дәрежесі берілген. Ол – ақыл, сол арқылы Алланы таниды және Оның жаратқандарын түсінеді. Сол арқылы өзін шектен тыс құмарлық пен ашудың құрсауынан құтқарады. Ал бұл – періштелердің сипаты. Осы сипатымен жыртқыш және басқа жануарлардан жоғары тұрады. Жер бетіндегілердің барлығы – соның еркінде. Алла Тағала айтады: «Ол күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрін Өзінің шексіз шапағатымен сендерге бағынышты қылды».³⁶⁴

Олай болса адамның ақиқаты – кемелдігі мен үстемдігі бар нәрселер. Қалған сипаттар уақытша және аманат түрінде берілген. Қалғандары жұмысшы және қызметші ретінде жіберілген. Сол себепті өлген кезде құмарлық та, ашу-ыза да қалмайды. Жарқыраған және нұрлы бір негіз періште секілді Алланы танумен безендірілсе, әлбетте, ол періштелердің жолдасы болады. Періштелер әлемінде әрдайым Алланың құзырында болады. «Құдіреті күшті Патшаның дәргейіндегі шындық пен адалдық мәжілісінен орын алады»³⁶⁵ деген аятта көрсетілгендердің дәрежесіне жетеді.

Қараңғы, зұлымдық және аяғы аспаннан келгендерге келсек: Қараңғылығы – күнәлардың зұлымдығынан тат басуы. Аяғының аспаннан келуі, құмарлығы мен ашуын орынсыз қанағаттандыруы және бұл дүниеде қалаған барлық нәрсесін жасауы – жүзін осы дүниеге бұрған деген сөз. Бірақ бұл дүниенің дәрежесі о дүниеден төмен. Олай болса бұрған деген сөз. Бірақ бұл дүниенің дәрежесі о дүниеден төмен болады. Яғни басы бұл дүниенің қалағанын жасаған адамның басы төменде болады. Аятта «Раббыларының алдында бастары салбырап, жерге кіріп кете жаздап тұрған кездерін көрсең ғой!»³⁶⁶ делінуі осыны меңзейді.

Мұндай адамдар Сижжинде (тозақтағы бір жер) шайтанмен бірге болады. Сижжиннің не екенін бәрі білмейді. Сол себепті Алла Тағала: «Сижжиннің не екенін сен білесің бе?!»³⁶⁷ деген.

 

³⁶⁴ Жасия, 13

³⁶⁵ Қамар, 55

³⁶⁶ Сәжде, 12

³⁶⁷ Мутаффифин, 8

материал Имам Ғазалидің «Бақыт формуласы» кітабынан алынды,

ummet.kz