03 Қараша 2026, Сейсенбі 23 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:05
Бесін 12:03
Екінті 15:02
Шам 16:50
Құптан 18:19

Әйелдердің қажылығы және оларға ғана қатысты үкімдер

Әйелдердің қажылығы және оларға ғана қатысты үкімдер

Әйелдердің қажылығы және оларға ғана қатысты үкімдер:


1. Қажылық жасауға жағдайдың келу-келмеу мәселесінің үкімі еркектер мен әйелдер үшін бірдей. Тек, жоғарыда айтылғандай, әйелдердің қасында махрамы болуы және идда мерзімінің аяқталуы керек.

2. Әйелдердің арнайы ихрам киімдері жоқ, олардың ихрамы жүзін және екі қолын білезікке дейін ашу арқылы жүзеге асады. Яғни әйелдерге қажылық кезінде жүзін және қолдарын жабуға рұқсат етілмейді. Тек бөтен еркектердің жанынан өткен кезде, беттерін көйлектерінің жеңімен, жаулықтарының ұшымен немесе басқа бір затпен көлегейлеуге болады. Айша (Алла оған разы болсын): «Біз Алла елшісімен (с.а.с.) бірге мухрим (мухрим – қажылықты ниет етіп, ихрам халіне өткен адам) болған кезімізде көліктілер (аттылар) біздің қасымыздан өтетін. Егер олар бізбен қатарласса, біздің біреулеріміз басынан жилбабын түсіріп, жүзін жабатын. Олар өтіп кеткеннен кейін оны (жилбабты) қайта ашатынбыз», – деген (Сунән Әбу Дауд, Китәб әл-хаж, 1562).

3. Қажылық сапарға шыққан әйелге ихрамға кіргенге дейін не кіргеннен кейін хайыз немесе нифас қаны келсе, ол қажылығын жалғастыра береді. Тек хайыздан немесе нифастан тазарғанға дейін тауап жасамайды. Сонымен қатар етеккірдің келуін уақытша тоқтататын дәрілерді қабылдауына да болады.

4. Әйелдер ихрам кезінде киген киіміне ихрам халіне өткенге дейін және одан кейін иіссу сеппейді және тәлбияны даусын көтеріп айтпайды.

5. Тауаптың алғашқы үш айналымында және сағида екі жасыл белгі арасында ерлер секілді жылдам жүрмейді, баяу жүріспен өтеді.

6. Қажылықтың барлық уақытында, мүмкіндігінше адамдар тығыз жерден алшағырақ жүреді.

7. Әйелге Муздалифада түнемеуге рұқсат етіледі.

8. Әйелдер шашын толық алдырмайды, олар тек шаштарының ұшынан аз ғана қысқартады.

9. Егер қажылық аяқталып, әйелдің қасындағы күйеуі немесе махрамы қайтатын болса, әйелге қоштасу тауабын жасау міндет емес. Мұндай кезде қоштасу тауабы оның мойнынан түседі және ол үшін ешқандай жаза өтемейді.

10. Әйел өзінің жеке байлығынан қажылық жасайды, оны қажылыққа алып бару күйеуінің міндеті емес. Тек күйеуі өз қалауымен оны қажылыққа алып баратын болса, өте жақсы.


материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz