03 Қараша 2026, Сейсенбі 23 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:05
Бесін 12:03
Екінті 15:02
Шам 16:50
Құптан 18:19

Азанды естіген адамдарға қатысты сүннет амалдар

Азанды естіген адамдарға қатысты сүннет амалдар

Азанды естіген адамның оған жауап қатуы – сүннет. Тіпті ол жүніп, хайыз, нифас халінде болса да, азанға жауап қайтаруы керек. Сол тәрізді азан айтылғанда оқып отырған Құранды келген аяттан аяқтап, басқа сөздерді тоқтату қажет. Бұл мәселеге қатысты пәтуаларда осылай делінеді.


Ақиқаты бір Аллаға аян. Естуші азаншының айтқан сөздерін артынан ілесе отырып қайталайды.
Тек азаншы: «Хәййя ъаләс салаһ» пен «Хәййя ъаләл фәләх», – деген кезде, «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ» (яғни «Алладан өзге күш те, қуат та жоқ») деп айтуы керек.

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.а.с.): «Егер азаншы: «Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!» дегенде, сендердің біреулерің (шын) жүрегімен: «Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!» десе, одан кейін: «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!» дегенде, «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ!» десе, сосын: «Әшһәду әннә Мухаммадәр расулуллаһ!» дегенде, «Әшһәду әннә Мухаммадәр расулуллаһ!» десе, одан кейін: «Хәййя ъаләс салаһ!» дегенде, «Лә хәулә уә лә қууатә иллә билләһ» десе, содан соң: «Хәййя ъаләл фәләх!» дегенде, «Лә хәулә уә лә қууатә иллә билләһ» десе, одан кейін: «Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллаллаһ!» дегенде, Мәлики мазһабында да азанды шариғат бұйырған сөзбен бөлу мәкруһ болғанымен, азаннан кейін міндетті түрде түшкірген және сәлем берген адамға жауап қайтару керек. Ал шафиғи мазһабында мәкруһ саналмағанымен, оны азан айтылып жатқан уақыттан кейінге шегеру жақсырақ. Ханбали мазһабында азанды дөрекіге жатпайтын аз сөзбен бөлу ештеңе етпейді.

«Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллаллаһ!» десе, жаннатқа кіреді», – деді», – деген. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Аллаһ елшісімен (с.а.с.) болған кезімізде, Біләл тұрып азан айтты. Ол тоқтаған кезде, Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім осылайша айқын сеніммен айтса (азанды қайталаса), жаннатқа кіреді», – деді», – деп айтқан.

Таң намазында «Әс-Саләту хайрум мин ән-наум, әс саләту хайрум мин ән-наум» деп айтылғаннан кейін «садақта уа барарта» («Рас айттың, ырысқа кенелдің») деп айтылады (Бәдәиғ әс-санаиғ, I том, 383-бет).

материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz