Көз ұятын сақтау дегенді қалай түсіну керек?
Көздің ұятын сақтауды үш жағдаймен қарастырайық.
Біріншісі: Ауам, яғни орташа мұсылманның көзге абай болуы. Бұл бейәдеп дүниелерге қарамауды білдіреді. Бұл турасында қаншама аят бар:
Құран Кәрім, «Нұр» сүресі, 30–31-аяттар:
«(Я, Мұхаммед!) Мүмін ер кісілерге айт: ұятты дүниелерге көз салмасын. (Яғни, бөтен әйелдерге және өзге ер кісілердің әуреті сынды қарауға болмайтын нәрселерге қарамасын)! Сондай-ақ абиырларын ашпасын әрі зинадан сақтасын! Сол оларға әлдеқайда лайықты. Шүбәсіз, Алла олардың не істеп, не қойып жүргендерінен толық хабардар».
Бұл екі көзін сынақ үшін берілген, жалған өмірдің қадірсіз жылтырақ сән-салтанатынан және жоқ болып кететін өткінші дүниесінен сақтау. Мына аят осы жағдайды баяндайды:
Мүмін әйелдерге де айт: ұятты дүниелерге көз салмасын! Абыройларын ашпасын әрі зинадан сақтасын. Сондай-ақ еріксіз көрінетін жерлерінен тыс, әшекейлері мен сымбат-көріктерін көрсетпесін һәм орамалдарын омырауларына дейін түсіріп тартсын. Әшекейлері мен сымбат-көріктерін күйеулері, әкелері, (сондай-ақ аталары, әкелері мен аналарының бауырлары) қайын аталары, өз ұлдары, өгей (әрі сүт) ұлдары (сондай-ақ өзіңіз, өгей және сүт немерелері), (өзіңіз, өгей және сүт) бауырлары, бауырларының ұлдары, әпке-сіңлілерінің ұлдары, арлы мұсылман әйелдер немесе қызметші, яки жақсы араласатын әйелдері, қоластындағы күңдері, (қартайып немесе өзге де себептермен) еркектік қабілетінен айырылған еркек қызметшілері мен құлдары және әйелдіктің һәм әйел әуретінің не екенін түсіне қоймаған жас балалардан өзгелерге көрсетуші болмасын. Жасырын әшекейлері мен сымбат-көріктеріне бөтен ер кісілердің назарын аударатын және олардың құмарын оятатын әрекеттерге бармасын. Уа, мүміндер, (күнәларың үшін өкініш білдіріп,) бәрің бір ауыздан Аллаға тәубе етіңдер. Сонда ғана (азаптан құтылып) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер.
Екіншісі: (Хауастардың) діндарлығымен, туралығымен, білімімен амал етіп рухани дәрежеге көтеріліп, абыройға кенелген адамдардың тыйым салынған дүниелерге көз салмауы.
Бұл екі көзін сынақ үшін берілген, жалған өмірдің қадірсіз жылтырақ сән-салтанатынан және жоқ болып кететін өткінші дүниесінен сақтау. Мына аят осы жағдайды баяндайды: «Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіне нәсіп еткен) нығметі мен ақыретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ».
Үшіншісі: Хауастардың хауасы (Құран мен рухани сырларға қанық, білім, ғибадат, бойсұнғыштық және тақуалық жолында жоғарылап, таңдаулы болған хауастардан да ілгеріде Алла достарының) көзін ұятты дүниелерден сақтап, өзіндегі ұлы сезімдер мен таза сырларды жалған дүниенің ләззаттарынан қашық ұстау.
Мына аят осындай адамдардың жағдайын баяндайды: «(Уа, Мұхаммед!) Ендеше, оларға былай деп айт: «Олай болса, Мұсаның адамдар үшін нұр және тура жолға бастайтын жолбасшы ретінде жеткізгенін, алайда сендердің жеке-жеке парақтарға көшіріп алып бір бөлігін көрсетіп, басым бөлігін жасырып қойған һәм сендерге өздерің де, ата-бабаларың да білмейтін нәрселерді үйреткен Кітапты кім түсірді?» – деп айт. Содан кейін оларды жайына жібер, өздері бойлаған батпаққа (яғни жалғанға) белшеден батып, ойнап-күліп жүре берсін».
материал «Көзді күнәдан қалай қорғаймыз?» кітабынан алынды,
ummet.kz