09 Қазан 2026, Жұма 28 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:57
Күн 06:22
Екінті 15:48
Шам 17:40
Құптан 19:06

Құлшылықпен өткен түндер

Құлшылықпен өткен түндер

Бірде аулада ойнап жүрген балалар Имам Ағзамды көргенде, бір-біріне:

«Мына кісі таңға дейін ұйықтамай құлшылық жасайды екен», – дейді.

Имам Ағзам болса, ақшамнан таң арайлағанға дейін емес түннің бір бөлігін ғана ғибадатқа арнаушы еді.

Балалардың сөзін естігенде, көңілі босап: – Раббым, бұл сөзді балалардың аузына салған Сенсің. Олар періштедей сәби ғой. Ант етейін, енді өмірімнің соңына дейін түндерімді толықтай Саған құлшылыққа арнаймын! – дейді.

Осыдан бастап қырық жыл бойы құптан намазының дәретімен таң намазын оқыған деседі.

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz