Намаз оқушылардың дәрежелері:
Бірінші: Намазда дәретінде кемшілік жасап, уақытынан кешіктіріп оқып, рүкіндерін дұрыс орындамайды, намазына селқос қарайтын адам.
Екінші: Дәретіне ұқыпты, намазды уақытында оқиды, намаздың сыртқы парыздарына мән береді, бірақ намазда келетін түрлі ойлармен күреспейтін адам. Мұндай жан дүниесімен намаз оқығанымен, жан дүниесі басқа жақта болады.
Үшінші: Намаздың рүкіндеріне мән береді, келген түрлі ойлармен күреседі. Бірақ әлі қажетті деңгейге жетпейді.
Төртінші: Намаздың ақысын толығымен орындайды, рүкіндеріне мән береді, жүрегімен ғибадатқа беріледі, жаман ой әсер ете алмайды. Сондықтан да негізгі уайымы жаман оймен күресу емес, намазды лайықты, кемел түрде оқу болады.
Бесінші: Намаздың рүкіндерін толық орындаумен қатар жүрегі Аллаға деген махаббатқа толып, Оның ұлықтығын сезініп, Оны көріп тұрғандай дәрежеде оқиды.
Бұл бесеуінің әуелгісі – жазаға тартылады, екіншісі – мойнынан парыз түседі, үшіншісі – тырысып, жаман оймен күрескеніне қарай сауап алады, төртіншісі – мол сауапқа кенеледі, ал бесіншісі Алла Тағалаға жақын құлдар санатында болады.
материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,
ummet.kz