Сенің мойныңдағы мұсылмандардың негізгі ақылары төмендегілер:
1. Жолыққанда сәлем беру, Алладан оған амандық тілеу.
2. Шақырғанда бару.
3. Түшкірсе, Алладан оған рақым тілеу.
4. Ауырса, хал-жағдайын сұрап бару.
5. Көз жұмса, жаназасына қатысу.
6. Насихат сұраса, тура жол көрсету.
7. Басқалардың оны өсектеуіне жол бермеу.
8. Өзің қалаған нәрсеге оның да жетуін қалау.
9. Саған жақпаған мәмілені оған да қаламау.
Бұлардың бәрі хадистерден айтылған. Әнәс (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Төрт нәрсе мұсылмандардың мойнындағы ақылардан. Олар:
1. Жақсы іс жасағандарға жәрдем беру;
2. Күнәһарлардың күнәлары кешірілуін тілеу;
3. Шариғат үкімдерінен бет бұрғандарды ол жолдан қайтару;
Жаман жолдан қайтқандарды сүю», – деп айтқан. Ибн Аббас (р.а.) «мүміндер (күпірлікте табандаған қаскүнем) кәпірлерге тым қатал, ал өзара сондай мейірбан» деген аят туралы былай деп түсіндірме береді: «Мүминдердің тура жолдағылары жаман жолда жүргендерге, жаман жолдағылары тура жолдағыларға дұға қылады. Жаман жолдағылар тура жүргендер жөнінде: «Уа, Жаратқан Алла, оған берген жақсы сипаттарды арттыра көр. Оны сол жақсы жолда бекем қыл. Бұл жақсы ахлақтан бізге де нәсіп қыла көр!» – дейді. Ал енді тура жолдағылар әлгілер жөнінде: «Уа, Жаратқан Алла, оған тура жолды көрсет. Оны күнәлардан қайтарып, кешіре көр!» – деп дұға қылады.
материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz