Ғибадатын басқалардың білгеніне қуанған адам риякерліктен құтыла алмайды. Тек Хақ Тағала арқылы қуануы бұдан тыс. Бұл төртке бөлінеді.
1. Өзі ғибадатты жасыруға ниет етеді және жасырады. Алла Тағала ол адам қаламастан ашып көрсетеді. Істеген кемшілігі мен күнәларын Алла Тағала жарыққа шығармайды. Бұл жерде өзіне Алланың рақымдылық пен жақсылық жасағанын біледі. Себебі оның жамандықтарын жауып, жақсылықтарын көрсетеді. Алланың рақымы мен жақсылығына қуанып, адамдардың мақтауы мен ұнатқанына қуанбайды. Алла Тағала айтады: «(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Бұл тек Алланың шексіз шарапаты мен рақымының арқасы. Ендеше, (адамдар) тек осыған ғана қуансын! Өйткені бұл олардың бүкіл жиған-тергенінен әлдеқайда артық», – деп айт».
2. Қуанады және «Менің жаман істерімді бұ дүниеде жарыққа шығармауы ақыретте де жасыратынын көрсетеді. Себебі Алла Тағала бұл дүниеде бір құлының күнәсін жауып, арғы дүниеде оны масқара етуден пәк», – дейді.
3. Өзін көрген кездерінде өзі секілді ғибадат жасап, мәңгілік бақытқа қауышатынына және өзі де осы жолда сауап алатынына қуанады. Себебі ғибадатын жасыруды қалап, қаламастан ашық сауапқа жетеді.
4. Жасаған ғибадатын көріп өзін мақтаған адамның өзіне сенуіне, осы мадақ пен сену арқылы Алланың бұйрықтары мен тыйымдарына бағынып, құрмет тұтқанына сенеді. Аллаға итағатқа қуанып, өзінің ол адамның алдындағы мәртебесіне қуанбайды. Мұның белгісі – басқалардың итағатын естігенде өзі жасағандай қуануы.
материал Имам Ғазалидің «Бақыт формуласы» кітабынан алынды,
ummet.kz