09 Қараша 2026, Дүйсенбі 29 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:15
Бесін 12:03
Екінті 14:52
Шам 16:40
Құптан 18:10

Адамның кейбір күнәсіне тәубе жасап, кейбіріне жасамауы

Адамның кейбір күнәсіне тәубе жасап, кейбіріне жасамауы

Күнәлардың кейбіріне тәубе жасап, кейбіріне жасамау дұрыс па, бұрыс па?


Адамның өзінің кейбір күнәсіне тәубе жасап, кейбіріне тәубе жасамауы дұрыс па, бұрыс па деген қайшылықты пікір туындаған. Кейбірі: «Олай болмайды», – деді. Зинақорлыққа тәубе жасасын, ал ішімдік ішуге тәубе жасамасын. Егер күнә болғандықтан біріне тәубе жасаса, екіншісі де сол сияқты күнә. Сол секілді бір ыдыстан шарап ішуге тәубе жасап, екіншісінен қайтадан ішуге болмайды. Себебі екеуі де бірдей. Ол күнә да осы секілді», – деді.

Істің турасы, мынадай тәубе болуы мүмкін. Ол былай: зинақорлықты шарап ішуден кішірек санайды және күштісіне тәубе жасайды. Немесе ішімдікті зинақорлықтан қорқынышты санайды, «Ол зинақорлықты да жасатады, басқа нәрселерді де жасатады», – дейді. Мысалы, ғайбат айтқанына тәубе жасайды, шарап ішкеніне жасамайды. «Ғайбат адамдарға қатысты нәрсе, қаупі жоғары», – дейді. Бәлкім, толығымен емес, көп шарап ішуге тәубе жасауға да болуы мүмкін. «Қанша көп ішсем, азабы соншалықты көп», – дейді. «Шайтан мені бір істе жеңсе, басқа істе де оған бағынуым шарт емес», – дейді. Бұл да мүмкін. Алайда «Тәубе жасаған адамды Алла жақсы көреді» делінген. Сонымен қатар «Алла тәубе жасағандарды және тазаланғандарды жақсы көреді» делінді.

Бұдан түсінетініміз: осы сүйіспеншілікке, махаббатқа қауышқан адам – барлық күнәларына тәубе жасап, тазарған адам. «Кейбіріне тәубе жасап, кейбіріне жасауға болмайды» деген адам осыны да айтқысы келген болуы мүмкін. Әйтпесе парыздарды орындау тәубе жасалмаған кіші күнәлардың өтеуі болады және оларды жояды. Күнәларға тәубе жасау бір ретте қиынға соғады. Ақырындап жасау керек және жасағандарынша сауабын алуы керек.

материал Имам Ғазалидің «Бақыт формуласы» кітабынан алынды,

ummet.kz