20 Қазан 2026, Сейсенбі 9 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:41
Бесін 12:04
Екінті 15:26
Шам 17:17
Құптан 18:43

Намазда жаңылысқан кісі әр екі сәһу сәждесінде тәкпір айтады

Намазда жаңылысқан кісі әр екі сәһу сәждесінде тәкпір айтады

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті:


«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бесін әлде, аср намазында (Мұхаммед ибн Сирин: «Аср намазында болса керек, деп ойлаймын», — дейді) екі рәкат оқып, сәлем берді. Кейін орнынан тұрды да, мешіттің кіре берісіндегі ағашқа барып сүйенді. Жамағаттың арасында Әбу Бәкір мен Омар да (р.а.) бар болатын. Бірақ бұл туралы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтуға батпады. Адамдар бір-біріне «Намаз қысқарды ма, намаз қысқарды ма?», — десіп, мешіттен асығыс шыға бастады.

Олардың арасында бір кісі бар еді, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны «Зулядайн» деп атайтын. Сол кісі: «Я Расулулла, есіңізден шығардыңыз ба, әлде намаз қысқарды ма?», — деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Есімнен де шығарғаным жоқ, намаз қысқарған да жоқ», — деді. Зулядайн: «Жоқ, сіз есіңізден шығардыңыз, яғни, жаңылыстыңыз», — деді.

Содан кейін, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі рәкат намаз оқып, сәлем берді. Содан соң тәкбір айтып, әдеттегідей әлде одан да ұзағырақ сәжде етті. Содан соң басын көтеріп тәкбір айтты. Сәждеге басын қойып жатып, әдеттегідей әлде одан да ұзағырақ тәкбір айтты», — деді.

Абдулла ибн Бухайна (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бесін намазында қиямда тұрған еді. Тек қана соңғы отырыс қалған болатын. Намазды бітіргеннен соң, сәлем бермей тұрып, екі рет сәһу сәжде қылды. Әрбір сәждеден соң, отырған бойы тәкбір айтты. Адамдар да Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге сәһу істелген соңғы отырыста сәжде қылысты», — деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz