14 Қазан 2026, Сәрсенбі 3 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:31
Бесін 12:05
Екінті 15:38
Шам 17:29
Құптан 18:55

Дәрет алғанда оқылатын дұғалар

Дәрет алғанда оқылатын дұғалар

Дәрет алғанда оқылатын сәләф салихиннен бізге жеткен көптеген дұға бар. Әр мүше жуылғанда оқылатын дұға болады.


Бұлар оқылмаса да дәретіміз толық болады, дегенмен оқылғаны жақсы әрі дәреттің әдебінен саналады.¹⁵¹ Әр ағзаны жуудан бұрын бисмиллә мен кәлима шаһадат айту да дәреттің әдебі.¹⁵²

Дәрет алатын адам әуелі бисмиллә айтып, сосын төмендегі дұғаларды оқиды:¹⁵³

 

Ауызға су алғанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә а‘инни ‘алә тиләуәтил-қур’әни уә зикрикә уә шукрикә уә хусни ‘ибәдәтикә».

Мағынасы: «Уа, Алла! Құран кәрім оқуда, зікірде, шүкірде және саған лайықты құлшылық қылуда маған көмектесе көр».

 

Мұрынға су алғанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә әрихни ра’ихатәл-жәннәти уәрзуқни мин на‘имиһә».

Мағынасы: «Уа, Алла! Маған жұмақтың иісін сездір, жұмақ нығметтерімен ризықтандыр».

 

Бет жуғанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә бәййид уәжһи йәумә тәбйадду ужуһун уә тәсуәдду ужуһун».

Мағынасы: «Уа, Алла! Қаншама жүз нұрланып, қаншама жүз қарайған күні жүзімді нұрландыра көр».

 

Оң қолды жуғанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә а‘тини китәби би йәмини уә хәсибни хисәбән йәсиран».

Мағынасы: «Уа, Алла! Амал дәптерімді оң жақтан бер, есебімді жеңілдет».

 

Сол қолды жуғанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә лә ту‘тини китәби би-шимәли уә лә мин уәра’и заһри».

Мағынасы: «Уа, Алла! Амал дәптерімді сол жақтан және артымнан берме».

 

Басқа мәсх тартқанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә азиллǝни тәхтә зилли ‘аршикә йәумә лә зиллә иллә зиллукә».

Мағынасы: «Уа, Алла! Ешқандай сая болмаған күні мені Арштың саясында көлеңкелендір».

 

Құлаққа мәсіх тартқанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммәж‘ални минәлләзинә йәстәми‘унәл-қаулә фәйәттәби‘унә әхсәнәһу».

Мағынасы: Бұл дұғаның мағынасы суретте көрсетілмеген.

 

Мойынға мәсіх тартқанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә ә‘тиқ ‘унуқи минән-нәр».

Мағынасы: Бұл дұғаның мағынасы суретте көрсетілмеген.

 

Аяқты жуғанда оқылатын дұға

Оқылуы: «Аллаһуммә сәббит қадәмәййә ‘аләссиратил-мустәқими йәумә тәзиллул-әқдәм».

материал «Дұғалар жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz