17 Қазан 2026, Сенбі 6 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:36
Бесін 12:05
Екінті 15:32
Шам 17:23
Құптан 18:49

Ишрақ намазы қай кезде оқылады?

Ишрақ намазы қай кезде оқылады?

Таң намазын жамағатпен оқып, күн шығып, найза бойы көтерілгенге дейін Алла тағаланы зікір етіп, мәкруһ уақыт шыққаннан кейін оқылатын екі ракағат намаз ишрақ намазы деп аталады.²²²


Әнәс ибн Маликтен (р.а.) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқып, сосын күн шыққанға дейін Алла тағаланы зікір етіп, (мәкруһ уақыт шыққаннан кейін) екі ракағат намаз оқитын болса, ол адамға толық (нәпіл) қажылық және ұмра сауабы беріледі». Пайғамбарымыз (с.а.у.) «толық қажылық және ұмра» сөзін үш рет қайталады.²²³

Омар (р.а.) былай деді: пайғамбарымыз (с.а.у.) бір күні сахабаларын жорыққа жібереді. Сахабалар жеңіске жетіп үлкен олжамен оралады. Сахабалар: «Уа, Расулуллаһ! Бұл жорықтай жылдам жеңіске жетіп, көп олжамен оралған жорықты әлі көрмедік» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл жорықтан да тез жеңіске жетіп әрі көп олжаға кенелтетін амал айтайын ба?» – дейді. Сахабалар «Иә, уа, Алланың расулы» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қандайда бір топ таң намазын жамағатпен оқып күн шыққан уақытқа дейін отырып Алла тағаланы зікір етіп, сосын екі ракағат намаз оқып үйлеріне қайтса, міне, ең жылдам жеңіске жеткен, ең көп олжаға ие болғандар солар» – дейді.²²⁴

Харам мешітінде тауап үшін немесе отырған мешітінде ілім яки уағыз мәжілісіне қатысу үшін орнынан тұруы, бұл сауапты алуына кедергі емес. Үйіне барып, зікірді үйінде жасаса да жоғарыдағы сауапты алады.²²⁵

_________________________________________________________________________________________

²²² Яқуб ибн Саид Ализадә, Мафатих ул-жинан уә масабих ул-жанан (Ширғат ул-Ислам шархы), 127-бет.
²²³ Тирмизи, әс-Сунән, № 586.
²²⁴ Әбу Ләйс Самарқанди, Тәнбиһ ул-ғафилин, 346-бет.
²²⁵ Али ул-Қари, Мирқат ул-мафатих, 3-том, 52-бет.

материал «Дұғалар жинағы» кітабынан алынды,

 ummet.kz