Адамның намазы тірі намаз болуы үшін мына алты нәрсе болуы керек:
1. Жүректің намазда болуы. Жүрекпен тек Алла Тағаланы ойлау. Мидан намаздан басқа бүкіл ойды, артық нәрсені шығару.
2. Не айтып жатқаныңды түсіну. Айтып, естіп тұрған аят-сүрелерді түсіну, мағынасына ой жүгіртіп, әсерлену. Түсініп оқу көбірек ықыласпен оқуға, ойды жинақтауға көмектеседі.
3. Ұлықтау сезімінің болуы. Алла Тағаланың ұлықтығын сезіну. Өзіңнің құл екеніңді, кімнің алдында тұрғаныңды түсіну.
4. Қорқу. Алла Тағаладан қорқу ұлықтау сезімінен туындайды.
5. Үміттену. Алла Тағаланың рақымын, мейірімін ойға алып Алла Тағала менің намазымды қабыл етер, күнәларымды кешер деп үміт етіп намаз оқу.
6. Ұялу. Күнәларыңды ойға алып, Алла Тағаланың бәрін білуші екенін, періштелердің амал дәптәріңе жазып қойғанын ойлап ұялу.
материал «Ихия дәрістері» кітабынан алынды,
ummet.kz