Мешітте намаз уақытының болуын күтіп отырған кісінің және мешіттердің артықшылығы туралы:
Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дәретін бұзбай жайнамазда намаз уақыты болуын күтіп отырған әрбір кісіні періштелер «Иләһи бұл пенденнің күнәларын кешіргейсін, бұл пендеңе рахымынды көрсеткейсің!»,- деп дұға етер. Намаз оқимын деген ниетте ғана үйіне кетпей мешітте отырған кісі намаз оқып жатқанмен пара-пар болады»,- деп айтқан»,- деді.
Әбу Хурайра (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағала жеті топ мүъминдерге ахирет күні еш сая-көлеңке қалмағанда Аршының көлеңкесінен орын берер олар: «Әділ басшыға, тақуалықпен құлшылық етіп өскен жігітке, жүрегі мешіттерге байланған кісіге, Алла үшін деп біреумен достасқанға және Алла үшін досынан ажырағанға, сұлу әйел зинақорлыққа жетелесе, оған «Мен Алладан қорқамын»,- деп айтқан адамға, оң қолымен берген садақасын сол қолы білмейтіндей еткен кісіге, мешітте Алла тағаланы есіне алып солқ-солқ жылаған кісіге»,- деп айтты»,-деді.
Хумайд (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жүзік таққан ба еді?»,- деп Әнастан (р.а.) сұрады. Әнас (р.а.): «Иә таққан»,- деді. Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтан намазды жарым түнге шейін кешіктірді, кейін бізбен бірге намаз оқығалы шықты. Намаздан кейін: «Адамдар әлдеқашан намаздарын оқып ұйқыға жатты, ал сендер болсаңдар Хануз намаз оқудасыздар»,- деді. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жалтыраған жүзігіне қарағаным әлі күнге дейін көз алдымда»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz