27 Қазан 2026, Сейсенбі 16 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:25
Күн 06:53
Бесін 12:03
Екінті 15:13
Шам 17:03

Намаздан кейін оқылатын дұғалар

Намаздан кейін оқылатын дұғалар

Парыз намазынан сәлем беріп шыққаннан кейін:


Оқылуы:

«Аллаһүммә әнтәс-сәләмү уә минкәс-сәләм. Тәбәрактә йә зәл-жәләли уәл икрәм» - деп салават айтылады. Сонан соң мына тәсбих оқылады:

Оқылуы:

«Сүбәллаһи уәл-хамду лилләһи уәлә иләһә иллаллаһү уәллаһү әкбар, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил-'алииْ-'азиһм»

Қасиеті:

Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларының жанына келіп былай деді:

 * Қалқандарыңды дайындаңдар. Сахабалар:
 * Жау келді ме?
 * Жоқ, тозақ отына қарсы дайындаңдар.
 *  Тозаққа қарсы қалқанымыз не?

«Сүбәллаһи уәл-хамду лилләһи уәлә иләһә иллаллаһү уәллаһү әкбар, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил-'алииْ-'азиһм» сөзі.

Мағынасы: «Уа, Алла, тек Саған ғана ғибадат етіп, тек Сен үшін намаз оқып, сәждеге бас қоямыз. Саған құлдық жасау үшін ғана еңбектеніп, талпынамыз. Рақымыңды үміт етіп, азабыңнан қорқамыз. Еш күмәнсіз, Сенің азабың кәпірлерге тиесілі».

Келесі бір хадис шәріпте былай деп айтылады: «Миғраж түні Ибраһим (а.с.) пайғамбарды көрдім. Ол былай деді: “Уа, Мұхаммед! Үмметіңе менен сәлем айт. Оларға былай деп хабарла: жәннаттың топырағы тап-таза, суы дәмді, жері тегіс және өсіп тұрған ағашы жоқ. Ол жерге егілетін көшет “Сүбәллаһи уәл-хамду лилләһи уәлә иләһә иллаллаһү уәллаһү әкбар, уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһил-'алииْل-'азиһм” сөзі”».

Осы дұға оқылғаннан кейін 1 рет "Аятул-Күрсі" және “Мүғаууизат” ("Ықылас", "Фәләк" және "Нас" сүрелері) оқылып, 33 рет “субханалла”, 33 рет “әлхамдүлиллаһ”, 33 рет “аллаһу әкбар” деп тәсбих тартылады.

Соңында мына дұға оқылады:

Оқылуы: «Аллаһу әкбар. Лә иләһә иллаллаһу уахдәһү лә шәрикә ләһ. Ләһүл-мүлкү уә ләһүл-хамду йухии уә йумит. Уә һүә хаййүл-лә йәмуүту биәдиһил-хайр. Уә һүә 'алә күлли шәй'ин қадир».

Қасиеті: Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Кімде-кім парыз намазынан кейін 33 рет “субханалла”, 33 рет “аллаһу әкбар” деп содан соң “лә иләһә иллаллаһу уахдәһү лә шәрикә ләһү ләһүл-мүлкү уә ләһүл-хамду..” тәсбихын оқыса, күнәлары теңіз көбігіндей көп болса да кешіріледі”.

материал «Дұғалар жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz