27 Қазан 2026, Сейсенбі 16 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:25
Күн 06:53
Бесін 12:03
Екінті 15:13
Құптан 18:30

«Әлхамдулиллә сөзі таразыны толтырады…» (хадис)

«Әлхамдулиллә сөзі таразыны толтырады…» (хадис)

Бұл — маңызды тақырып. Бала әр нәрсенің қадірін біліп, нығметтің не екенін түсініп өскені жақсы. Жалпы, адам табиғатында өзіне жақсылық жасағанға деген ерекше алғыс сезімі болады.


Сол сезімді Алла Тағаламен байлап, иманмен ұштастыра тәрбиелеу керек. Өзін және мына жалпақ әлемді жоқтан бар қылып жаратқан шексіз құдірет иесі Құдай екенін ұғындырып, он екі мүшесін сау қылғаны үшін, ризық-несібесін беріп тұрғаны үшін шүкірлік етуді үйретіп, Алланың шексіз нығметтерін құлағына құйып отыру керек. «Бір түйір нан дастарқанға жеткенше жетпіс кісінің қолы тиеді» деген нақыл бар. Дастарқандағы нанның өзі қаншалықты баға жетпес нығмет екенін түсіну үшін наубайханадан пісіп шыққанға дейін жасалған қажырлы еңбекті елемей өтуге ша бидай дәні бірнеше сатыдан өтеді. Мұның бәрін балаға түсіндіріп, әрненің қадірін білуді үйретіп, адамға алғыс, Аллаға шүкір айтуды санасына сыналап кіргізу керек.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұрпағы, табиғин Жағфар Садық замандасы, ғалым Суфиян Сауриге: «Уа, Суфиян! Алла саған нығмет берсе, сол жақсылықтың ұзағынан болуын қаласаң, шүкірінді көбейт. Алла Тағала: «Егер шүкіршілік етсеңдер, әлбетте арттыра түсемін», – демей ме?! Ал, ризық-несібең кешігіп жатса, истиғфарыңды көбейт. Алла Тағала: «Раббыларыңнан кешірім тілендер. Ол – Ғағфар, кешіруші...» («Ибраһим» сүресі, 7-аят). Уа, Суфиян! Билік иесі немесе басқа біреуден қысым көрсең: «Лә хәулә уә лә ққуәтә иллә билләһ» деп көп айт. Бұл сөз – жақсылықтың кілті әрі жәннат қазынасының бірі», – деп насихат айтады. «Лә хәулә уә қууәтә иллә билләһ» сөзінің астарлы мағынасы – Алланың қалауынсыз жамандықтан құтылу da, жақсылыққа жету де жоқ. Демек, нығметті – шүкіршілік ұстап тұрады, ризықты – истиғфар шақырады.

Шүкіршілік тілмен және жүрекпен айтылғаны сияқты, іс-әрекетпен де білдіріледі. Әсілі, мұсульман адам ең көп айтатын сөз – «әлхамдулиллаһ». Себебі ол дастарқанға отырғанда, ұйқыға жатар алдында, оянған сәтте, тіпті түшкірсе де, «Әлхамдулиллаһ!» дейді. Жаңа киім кисе, көлікке отырса да солай Аллаға шүкіршілігін білдіреді. Демек, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйреткен дұғалардың дені Алла Тағалаға мақтаудан тұрады.

Табиғин Суфиян Саури (Алла оны рақымына алсын): «Әлхамдулилла сияқты көп айтылатын сөз жоқ», – десе, Ибраһим Нахағи (Алла оны рақымына алсын): «Олар (сахабалар мен табиғиндер) әлхамдулиллаһ ең көп айтылатын сөз деп білемін», – деген екен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисте: «Әлхамдулилла таразыны толтырады», – деген. Әрине, сүннетке сай өмір сүрсе, адам әр ісін бастағанда және тәмамдағанда тілімен және жүрегімен шүкіршілік етеді. Сонымен бірге Хақ Тағалаға шүкіршілігін іс-қимылымен де білдіреді. 

материал «Әке мектебі» кітабынан алынды, 

ummet.kz