Күнәлі нәрселерге қарау жүректі қарайтады. Ол шайтан үшін таптырмайтын мүмкіндік. Хазірет Имам Раббани «Күнә сыртқы әдемі нәжіс секілді» деп мысалдаған. Сырты бүтін, іші түтін. Осыны ойлап ұятты суреттерге көз салмау керек.
- «Әурет жерін ашқан және оған қараған адамды Алла лағынет етсін» деген хадисті ойлап, лағынетке ұшырамау үшін көзге абай болу керек.
- «Бөтен әйелді көргенде, Алладан қорқып, басын одан бұрған адамға Алла Тағала ғибадаттардың дәмін сездіреді», – деген хадисті ойлап, ғибадаттардың дәмін сезіну үшін көзге абай болған жөн.
Жасаудың жолдарын жеңілдете түседі. Сол үшін әрбір қарау екінші қарауды тартады, яғни шақырады. Бұдан былай ол адам күнәға бет алып, қайта келуі өте қиын бір жолға шығады. Міне, осындай жағдайға душар болмай тұрып, күнәлі көрініске алғаш көз түскен сәтте, сабыр етіп жүзімізді тайдырып әкету Алла елшісінің бізге кеңес еткен құнды насихаттарына жатады.
Эпиктеттің «Жаман ой санаңды тұмшалап алса, дереу ол ойлардан алыстауға тырыс. Әйтпесе, ерік-жігеріңді шырмап алған жамандықтан арылу қиынға соғады», – деген сөзі бар. Оның бұл сөзінің терең мәні бар.
- Алла Тағаланың жаннатта көз көріп, құлақ естімеген және ешбір адамның қиялы да жетпеген нығметтерді дайындап қойғандығын ойлап, уақытша, өткінші ләззатқа алданудың өте арзан, мағынасыз әрі қадірсіз екендігін ұғыну.
- Жақсы құл болу үшін көзді күнәдан сақтау қажет екендігіне өзін сендіру, көзбен күнә жасаған болса да, өмірін жаңа әрі таза парақпен қайта жалғастыру.
- Адамға ләззат сыйлайтын әйелдің ұсынған тәттісінің ішінде у бар екендігін аңғару, алғашқыда ләззат бергенмен, кейіннен адам өмірін жалмайтынын ойлау.
- Харам ләззаттардың уақытша екендігін (бітіп, таусылатындығын) түсіну.
- Басқа біреудің әйелімізге, қызымыз немесе туған-туыстарымызға сұқтана қарағанын ұнатпау.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айтқан хадисі: «Араларыңдағы үйленуге шамасы жететіндер уақыт оздырмай үйленсін. Өйткені, үйлену көзді һәм абыройды харамнан сақтаудың бірден-бір жолы. Ал үйленуге шамасы жетпейтіндер ораза ұстасын. Өйткені, ораза нәпсіқұмарлықты тежейді», – деген.
Эпиктеттің «Жаман ой санаңды тұмшалап алса, дереу ол ойлардан алыстауға тырыс. Әйтпесе, ерік-жігеріңді шырмап алған жамандықтан арылу қиынға соғады», – деген сөзі бар. Оның бұл сөзінің терең мәні бар.
Адам баласы харамға осылай қарсылық танытар болса, бұл оның күнделікті әдетіне айналады.
Көзді қорғаудың емі
- Көзді күнәдан қорғау, һәм көзді, һәм сезімді басқара алу үшін мына үш нәрсе үш нәрсеге бағынуы керек: дене рухқа, нәпсі жүрекке, асқазан ақылға. Әрдайым жамандыққа шақыратын нәпсіге осы үш негізді алға тарта отырып қарсы тұра аламыз.
- Мүмкіндігінше шынайы әрі виртуалды күнәлі орталардан алыс тұру, басқаша сөзбен айтар болсақ, құмарлықты тізгіндеу — көзді күнәдан қорғаудың ең тиімді жолы.
- Ойлап, дереу жүзімізді бұрып әкету.
- Мүмкіндігінше ерте және ыңғайлы уақытта үйлену. Үйлену көзді күнәдан сақтап қалудың ең тиімді жолдарының бірі.
- Өлімді ойлап, есеп беретіндігіңді уайымдау және оны әрдайым естен шығармау.
материал «Көзді күнәдан қалай қорғаймыз?» кітабынан алынды,
ummet.kz