27 июля 2026, Понедельник 13 сафар 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:26
Восход 04:27
Аср 17:47
Магриб 20:14
Иша 22:15

Жүрек тірі болса, өлімнен артық уағыз жоқ

Жүрек тірі болса, өлімнен артық уағыз жоқ

Бір жаназада Хасан әл-Басри адамдарға былай деп сұрақ қояды:

«Мына мәйіт осы кезде дүниеге қайтып келіп, сауапты істерді көбірек істеп, күнәларым үшін көбірек кешірім тілесем ғой деп армандап жатқанын білесіңдер ме?» Барлығы: «Әрине!» - деп жауап берді. Сонда Хасан: «Біз неге онда соны істемейміз?!» - деді де, кетіп бара жатып: «Жүрек тірі болса, өлімнен артық уағыз жоқ!» - деп дауыстады. Хумайд деген қызметшісі айтады: «Бір күні Хасан әл-Басридың жағдайын білейік деп үйіне бардық. Сөз арасында оған уағыз айт деп қолқа салдық. Сонда ол: «Бірақ мына құлақтарыңнан кіріп, ана құлақтарыңнан шығып кетпесін! Әйтпесе, уағыздың пайдасы жоқ», - деп біраз насихат айтып берді». Хасан әл-Басри қайтыс болған соң Мәлик ибн Динар оны түсінде көреді. Жүзі нұрлы, жағдайы жақсы екенін байқайды. Сосын «Бізге не өсиет айтасың?» – деп сұрайды. Сонда Хасан әл-Басри: «Дүниеде қайғы-мұңы көптің ақыретте қуанышы көп болады», - деп жауап берген екен.

материал «Хасан Басридың інжу-маржандары» кітабынан алынды,

ummet.kz