14 июля 2026, Вторник 29 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:18
Восход 04:10
Зухр 12:25
Магриб 20:30
Иша 22:22

Нәпсімнің айтқанын керісінше жасаймын

Нәпсімнің айтқанын керісінше жасаймын

Нәпсімнің айтқанын керісінше жасаймын:

Жегің келіп тұрса, жей берсең (балмұздақ, чипсы, лагман, шашлык, палау, т.б);

Ішкің кеп тұрса, іше берсең (кола, квас, лимонад, қымыз, т.б);

Ұйқың келіп тұрса, ұйықтай берсең (түскі 12-ге дейін);

Видео, фото көргің кеп тұрса, қарай берсең (кино, ютуб, инстаграм, фейсбук);

Онда нәпсінің құлына айналып шыға келеді екенсің. Оның айтқанын істей беруге болмайды.

Баяғыда бір данышпаннан қалай тақуа болғанын сұраса, айтыпты: «Бір нәрсе жасар алдын нәпсіммен ақылдасам. Сосын соның керісіншесін жасаймын».

материал «Мінезді өзгерту алхимиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz