13 июля 2026, Понедельник 28 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Восход 04:10
Зухр 12:25
Аср 17:55
Магриб 20:30
Иша 22:22

Үш нәрсе адамның қайғысын ұмыттырады

Үш нәрсе адамның қайғысын ұмыттырады

Ибн Абдуль-Бардың «Бәһжат әл-Мәжәлес» атты даналыққа толы кітабынан: Халил ибн Ахмад:


«Үш нәрсе адамға қайғысын ұмыттырады: уақыттың өтуі, көркем әйел және достармен әңгіме», – деген.

Адам ата жайлы риуаятта: «Алла тағала оны жұмаққа орналастырды, бірақ ол өзін жалғыз сезінді. Сонда Алла оның жүрек тұсындағы қабырғасынан бір бөлшек алып, одан Хауа ананы жаратты», – деп баяндалады.

Неліктен? Жұбаныш болу үшін.

Ойланшы... Егер жұмақтың өзінде жары жоқ еркек жалғызсыынса, онда бұл дүниеде әйелсіз жан қалай сабыр табады? Сенің жаның шаршағанда, дүние саған ауыр болғанда, бәрі үнсіз қалғанда, жаныңды жұбататын бір адамның бар болуы – Алланың ең ерекше сыйы. Сол жан – сенің жарың. Ол сенің айнаң, сен құласаң сүйенішің, сен үндемей қалсаң да сені түсінетін тірегің.

Жақсы жар – Алланың ең ұлы мейірімінің көрінісі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алғашқы уахиді алған сәтте қатты толқып, уайымға салынғаны сира кітаптарынан мәлім.

Алла Елшісінің (с.ғ.с) жүрегі дірілдеп, денесі қалтырады. Сонда ол бір-ақ есікке барды — Хадишаның есігіне. Сол кезде Хадиша оны құшағына алып, сабырмен: «Қорықпа, Алла сені қорламайды! Сен жетімге қамқор болдың, мұқтажға жәрдем еттің, шындықты айттың, Алла сені ешқашан тастамайды!» – деп, жұбату сөздерін айтқан еді.

Міне, сол сәт — әйелдің ерге қаншалықты рухани тірек бола алатынын көрсеткен мәңгілік көрініс.

материал «Сен керексің!» кітабынан алынды, 

ummet.kz