Бір мүшрік адам бір күні әзірет Әлиге (р.а):
– Алланың қорғаушы екеніне сенген шығарсың, әлбетте? – деді.
Әзірет Әли (р.а):
– Иә, – деді. Ол қорғаушы, Бай, – деді.
Әлгі мүшрік жауап берді:
– Олай болса өзіңді мына биік үйден төмен таста, мен сенің осы айтқаныңа шәксіз сенейін, – деді.
Сонда мүміндердің әмірі әзірет Әли (р.а):
– Үніңді өшір де, кет, мына сөзің үшін басыңа бір дерт келіп жүрмесін. Құлдың Раббысын сынағаны дұрыс нәрсе ме? Құлын сынау – Раббының ісі. Ол әрдайым құлын сынайды. Құл мұндай әдепсіз әрекет жасауға шамасына қарасын, – деді.
материал «Көңіл сұлтаны» кітабынан алынды,
ummet.kz