10 июля 2026, Пятница 25 мухаррам 1448 һ.
Время намаза
Фаджр 02:15
Восход 04:06
Зухр 12:25
Аср 17:57
Иша 22:24

Нәпсі де жылан секілді, оны өлді деп санамаңдар

Нәпсі де жылан секілді, оны өлді деп санамаңдар

Жылан асыраушының бірі қыстың қарлы күнінде тау-тасты аралап ірі жылан іздеп жүреді. Сөйтіп бір таудан өліп жатқан үлкен жыланды көреді. Түрінің өзі адам шошырлық екен. Жылан асыраушы сол айдаһарды алып халықты таңдандыру үшін Бағдатқа келеді.

Біраз ақша жасау үшін ол алып айдаһарды көрсетіп:

— Өлген айдаһар алып келдім. Оны аулау үшін қаншама қиындық шектім, – дейді.

Ол өзі айдаһарды өлі деп ойлаған еді. Дұрыстап қарамаған болатын. Алайда айдаһар тірі болатын. Қыстан, суықтан тоңып қалған еді. Тірі болғанмен өліп жатқандай болып көрінген еді.

Әлгі адам базарда жаңалық ашу үшін жыланды Шат құдығына салып қойды.

Бағдат қаласында халық шулап:

— Бір жылан асыраушы айдаһар әкеліпті, ғажайып нәрсе екен. Оны қалай ұстаған? – деп жүз мыңдаған ақымақ адам жиналды.

Олар ақымақтыққа салынып жылан асыраушы секілді жыланға алданып қалды. Олар жыланды көрмек болып күтіп тұрды. Жылан асыраушы халық көп жиналсын, ақша көп жиналсын деп ойлады. Жүз мыңдаған ақымақ адам жиналды. Жылан асыраушы жыланның үстіндегі кілемді қозғаған сайын халық аяғының ұшымен тұрып мойындарын созып қараумен болды.

Айдаһар аязға қатты тоңған еді. Кілемнің астында көп жатты. Жылан асыраушы мұқияттылық танытып, оны қалың жіптермен байлап тастаған болатын. Алайда халықтың жиналғанын күтіп тұрғанда біраз уақыт өтіп кетіп күннің сәулесі жыланның үстіне түскен еді. Ол күнге жақсылап жылынады.

Содан соң өлі күйде жатқан айдаһар тіріліп, қимылдай бастады. Өлген жыланның қимылдағанын көрген халық одан сайын таңырқады. Қорыққаннан бәрі қаша жөнелді. Айдаһар халықтың шуынан үркіп, бауларды үзіп-жырта бастайды. Сөйтіп жіптің бәрі шешіледі.

Жіптерді үзіп кілемнің астынан боса шығады. Сөйтсе арыстандай ақырған ұсқынсыз айдаһар екен. Жапа-тармағай қашқан халық бір-бірін таптап өтіп, өлген адамдар үйіліп қалды. Жылан асыраушы: «Мен таудан, қырдан не әкелгенмін?» деп қорыққаннан бір орында сілейіп тұрып қалды.

 

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz