10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Кәсіпкер дін қызметкерлеріне зекет берді

Кәсіпкер дін қызметкерлеріне зекет берді

Ақтөбеде өткен ауызашар кешінде ақтөбелік кәсіпкер Қанат Жұмабайұлы өңірдің шалғай ауылдарындағы дін қызметкерлеріне 10 млн. теңге көлемінде зекетін табыстады.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне қолдау білдірген кәсіпкер, Мәртөк ауданының азаматы Қанат Жұмабайұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, аталған қаражат Ақтөбе өңірінің алыс аудан-ауылдарындағы имамдарға беріліп, аймақтағы дін саласының дамуына жұмсалады.